Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын өндіруге рұқсат беруді кешіктіріп жатыр – БАҚ

© Photo : DoD/Lisa FerdinandoАмериканский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон
Американский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Пентагон өкілінің айтуынша, ведомство Еуропадағы серіктестерімен және Киевпен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Пентагон басшысы Пит Хегсет мақұлдағанына қарамастан, АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға Patriot әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымырандарды өндіруге рұқсат беруді кешіктіріп отыр. Бұл туралы Financial Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
"Хегсет келісімге қол қойған, құжат әрі қарай қаралу үшін қорғаныс министрінің сатып алу мәселелері жөніндегі орынбасары Майкл Даффиге жіберілген", – делінген басылым жарияланымында.
Мұндай шешімнің себебі әзірге белгісіз. Ал Пентагон өкілінің айтуынша, ведомство Еуропадағы серіктестерімен және Киевпен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Украина басшысы Владимир Зеленский бұған дейін елде Patriot жүйелеріне арналған оқ-дәрілердің таусылып жатқанын бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Қазан айының соңында АҚШ Мемлекеттік департаменті жалпы құны 2,1 миллиард доллар болатын 500 зымыран-тосқауылшыны жеткізуге рұқсат берген. Жеткізу шығындарын Канада, Германия, Норвегия және Еуропалық одақ қаржыландырады.
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Кушнер Трампты Зеленскийге қысым көрсетпеуге шақырғанын айтты
Жаңалықтар
0