https://sputnik.kz/20261123/zhetisu-oblysynda-qarzhy-piramidasyn-basqargan-erli-zayypty-sottaldy-68698904.html
Жетісу облысында қаржы пирамидасын басқарған ерлі-зайыпты сотталды
Жетісу облысында қаржы пирамидасын басқарған ерлі-зайыпты сотталды
Sputnik Қазақстан
Заңсыз әрекеттердің салдарынан 21 салымшы зардап шекті 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T12:39+0500
2026-11-23T12:39+0500
2026-11-23T12:51+0500
бас прокуратура
қаржы пирамидасы
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Жетісу облысында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ерлі-зайыпты сотталды, деп хабарлады Бас прокуратура.Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен "CVK" танымал брендін бүркемелеу ретінде пайдаланған екі жергілікті тұрғын ұйымдастырған қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметі тоқтатылды.Анықталғандай, ерлі-зайыпты азаматтарға салынған қаражаттан табыс табуға уәде беріп, инвестициялық "пакеттер" деп аталатын өнімдерді сатып алуды ұсынған.Соттың үкімімен ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігі (қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260716/qarzhy-piramidasyn-qurdy-degen-kudikpen-gruziyada-ustalgan-ayel-qazaqstanga-ekstraditsiyalandy-64971602.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қаржы пирамидасы, сот үкімі
бас прокуратура, қаржы пирамидасы, сот үкімі
Жетісу облысында қаржы пирамидасын басқарған ерлі-зайыпты сотталды
12:39 23.11.2026 (жаңартылды: 12:51 23.11.2026) Заңсыз әрекеттердің салдарынан 21 салымшы зардап шекті
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Жетісу облысында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ерлі-зайыпты сотталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен "CVK" танымал брендін бүркемелеу ретінде пайдаланған екі жергілікті тұрғын ұйымдастырған қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметі тоқтатылды.
Анықталғандай, ерлі-зайыпты азаматтарға салынған қаражаттан табыс табуға уәде беріп, инвестициялық "пакеттер" деп аталатын өнімдерді сатып алуды ұсынған.
"Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін ақшалай сыйақылар мен сыйлықтар түріндегі қосымша бонустар беруге уәде еткен. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 21 салымшы зардап шекті", - деп жазылған хабарламада.
Соттың үкімімен ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігі (қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.