Қаржы пирамидасын құрған астаналық әйел Грузиядан экстрадицияланды
18:05 16.07.2026 (жаңартылды: 18:09 16.07.2026)

© Sputnik / Anar Mustafayev
Жазылу
Сот санкциясымен күдіктінің жер учаскесіне тыйым салынды
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті "World Business Consulting" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті "World Business Consulting" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
"2020 жылы күдікті азаматтардың қаражатын жоғары табыс әкелетін инвестициялық бағдарламаларға қатысу сылтауымен тартқан. Алайда компанияның тиісті лицензиясы болмаған және іс жүзінде инвестициялық қызметпен айналыспаған. Қаражат қолма-қол түрде қабылданып, бухгалтерлік құжаттармен рәсімделмеген", - дейді агенттік.
Қызметті заңды етіп көрсету үшін салымшыларға онлайн-платформада жеке кабинеттер ашып, онда жалған "табыс" көрсеткіштерін бейнелеген. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардың есебінен жүргізілген.
"Жаңа қатысушыларды тарту үшін таныстырылымдар мен үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылған. Сондай-ақ БАӘ мен Түркияға сапарлар өткізілген. Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз схема бастапқы кезеңінде тоқтатылды", - дейді қаржы мониторингі агенттігі.
2024 жылы күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, соттың санкциясымен сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. 2026 жылғы қаңтарда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Сот санкциясымен күдіктінің жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кету керек, жыл басынан бері агенттік 15 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында ұйымдастырушылардың жалпы құны 662 млн теңгенінің мүлкіне тыйым салынды.
