https://sputnik.kz/20261123/turkistan-oblysynda-1-mlrd-tengeden-astam-subsidiya-zhymqyryldy-68698412.html
Түркістан облысында 1 млрд теңгеден астам субсидия жымқырылды
Түркістан облысында 1 млрд теңгеден астам субсидия жымқырылды
Sputnik Қазақстан
Субсидия бөлінген 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T11:50+0500
2026-11-23T11:50+0500
2026-11-23T12:06+0500
түркістан облысы
ауыл шаруашылығы
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473938_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4e887ccd95d5e92f843cd7bb2da69c48.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Түркістан облысында 1,1млрд теңге субсидия жымқырған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Субсидия ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған. Күдікті техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған. Атап айтқанда, "Агрохолдинг Туркестан" және "JMJ-Агро" ЖШС арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген.Соған қарамастан міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген.Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған. Салдарынан мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260916/turkistan-oblysynda-subsidiya-qarazhatyn-zhymqyrgandardan--2-turgyn-uy-men-4-kolik-tarkilendi-66673903.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30473938_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_339f79293d9c1aa0768812201bee715d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы, қылмыстық іс
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы, қылмыстық іс
Түркістан облысында 1 млрд теңгеден астам субсидия жымқырылды
11:50 23.11.2026 (жаңартылды: 12:06 23.11.2026) Субсидия бөлінген 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Түркістан облысында 1,1млрд теңге субсидия жымқырған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Субсидия ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған. Күдікті техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған. Атап айтқанда, "Агрохолдинг Туркестан" және "JMJ-Агро" ЖШС арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген.
"Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы "АгроПромЛизинг" микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған. Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған", - дейді агенттікте.
Соған қарамастан міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген.
Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған. Салдарынан мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.