https://sputnik.kz/20260916/turkistan-oblysynda-subsidiya-qarazhatyn-zhymqyrgandardan--2-turgyn-uy-men-4-kolik-tarkilendi-66673903.html
Түркістан облысында субсидия қаражатын жымқырғандардан 2 тұрғын үй мен 4 көлік тәркіленді
Түркістан облысында субсидия қаражатын жымқырғандардан 2 тұрғын үй мен 4 көлік тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды 16.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-16T09:48+0500
2026-09-16T09:48+0500
2026-09-16T09:49+0500
түркістан облысы
субсидиялар
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз схеманы іске асыру үшін үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген 4 жеке кәсіпкерлік, "Нұр-Келес" ЖШС және "Бимен С." ЖШС пайдаланылған.Бұл кәсіпкерлік нысандарын күдіктілер өздеріне берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы іс жүзінде бақылауда ұстаған.Бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарына жұмсалған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі — 103 млн теңге."Соның салдарынан адал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған", - дейді агенттікте.Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар.Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
https://sputnik.kz/20260723/turkistanda-qylmystyq-top-3-mlrd-tengeden-astam-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-65121705.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, субсидиялар, қылмыстық іс
түркістан облысы, субсидиялар, қылмыстық іс
Түркістан облысында субсидия қаражатын жымқырғандардан 2 тұрғын үй мен 4 көлік тәркіленді
09:48 16.09.2026 (жаңартылды: 09:49 16.09.2026) Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысында мемлекеттік субсидияларды жымқырды деген күдікке ілінген қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз схеманы іске асыру үшін үшінші тұлғалардың атына ресми түрде тіркелген 4 жеке кәсіпкерлік, "Нұр-Келес" ЖШС және "Бимен С." ЖШС пайдаланылған.
Бұл кәсіпкерлік нысандарын күдіктілер өздеріне берілген электрондық цифрлық қолтаңбалар, мөрлер және банк шоттарын басқаруға құқық беретін нотариалды сенімхаттар арқылы іс жүзінде бақылауда ұстаған.
"Аталған кәсіпкерлік нысандары арқылы ақпараттық жүйелерге ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу мен олардың қолда бары, сондай-ақ асылдандыру жұмыстарының жүргізілгені туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Кейін осы мәліметтердің негізінде субсидия алуға электрондық өтінімдер берілген", - деп жазылған хабарламада.
Бюджеттен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, схемаға қатысушылар арасында бөлінген және жеке мақсаттарына жұмсалған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі — 103 млн теңге.
"Соның салдарынан адал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға арналған бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалған", - дейді агенттікте.
Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 2 тұрғын үй, 4 автокөлік, автотұрақ орны және жер телімі бар.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.