Түркістан облысында 3 млрд теңге жымқырған 27 адам сотталып кетті

© Скриншот видео АФМАФМ выявил хищения, совершенные ОПГ в Туркестане
АФМ выявил хищения, совершенные ОПГ в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Жазылу
Олар ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Олардың әрқайсысына қылмыстағы рөліне қарай 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"2016–2021 жылдары "КТ Яссы Несие" ЖШС басшылығы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Несие алу мақсатында жалған тұлғалардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Өтінімдерге қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, құқық белгілейтін құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі қоса ұсынылған.
Несиелеу мамандары қажетті құжаттарды әзірлеп, жалған несиелік қорытындыларды, тексеру актілерін және қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны туралы құжаттарды рәсімдеу арқылы несиенің заңды түрде берілгені туралы жалған көрініс қалыптастырған.
Бағалаушылар мен кепілдік қамтамасыз ету мамандары мүлікті бағалау туралы жалған есептер жасап, шын мәнінде жоқ немесе көрсетілген құнына сәйкес келмейтін мүліктің бар екенін растаған. Ал нотариустар ақшалай сыйақы үшін кепілге қойылатын мүлікке қатысты жалған құжаттарды куәландырған.

"Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталды. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған. Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 автокөлік тәркіленді", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Өзбекстанмен шекарада қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0