"Чалдыбар" шекара бекеті 2027 жылдың соңына дейін көліктер үшін жабық болады

© Sputnik Кыргызстан"Чалдыбар" бекеті
Чалдыбар бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Шекарадан көлікпен өту үшін "Ақ-Жол", "Ақ-Тілек", "Кең-Булун" және "Тоқмақ" өткізу бекеттерін пайдалануға болады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. 2026 жылдың 25 қарашасынан бастап 2027 жылдың соңына дейін Шу облысындағы қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдыбар" өткізу бекеті көлік қозғалысы үшін жабық болады.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстан Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Көршілес қазақстандық "Сыпатай батыр" өткізу бекетінде ірі құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты бұл өткізу бекетімен жаяу жүргіншілерге ғана жүруге рұқсат беріледі.
Шекарадан көлікпен өту үшін "Ақ-Жол", "Ақ-Тілек", "Кең-Булун" және "Тоқмақ" өткізу бекеттерін пайдалануға болады.
Шекара бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Қазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды
Жаңалықтар
0