https://sputnik.kz/20260923/qazaqstanda-shekara-punktterinin-otkizu-qabileti-26-esege-ulgaydy-66944347.html
Қазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды
Қазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды
Sputnik Қазақстан
Инфрақұрылымды кеңейту және автоматтандыру есебінен жүк көлігінің орташа өту уақыты шамамен 30 минутқа дейін қысқарды 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T17:33+0500
2026-09-23T17:33+0500
2026-09-23T18:39+0500
үкімет
шекара
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0d/62618978_79:7:1280:683_1920x0_80_0_0_f9f4a2c71fd34b712d5afe399523f1f2.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. ПҚазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды, деп хабарлады Үкімет.Нысандар заманауи тексеру жабдықтарымен жабдықталған. Нәтижесінде жиынтық өткізу қабілеті жылына шамамен 2 млн-нан 5 млн көлік құралына дейін өсті.Сонымен қатар жүк көлігінің орташа өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Бұл бақылау процедураларының бір бөлігі тоқтаусыз режимге ауыстырылып, қажетті параметрлер автомобильдің қозғалысы кезінде жазылуы және автоматты түрде ақпараттық жүйелерге жіберілуі нәтижесінде болып отыр.Инфрақұрылымды кеңейту және автоматтандыру есебінен жүк көлігінің орташа өту уақыты шамамен 30 минутқа дейін қысқарды.Үкімет хабарлауынша, Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары 2030 жылға дейін аяқталады.Жол картасы шеңберінде ЕАЭО ішкі шекараларында автомобиль өткізу пункттерін кезең-кезеңімен реконструкциялау көзделген. Жұмыс инфрақұрылымды кеңейтуге, өткізу қабілетін одан әрі арттыруға, бақылауды автоматтандыруға және рәсімдерді цифрлық форматқа ауыстыруға бағытталатын болады."Жаңғырту жұмыстары транзиттік және сыртқы сауда тасымалдарының өсуін қамтамасыз етуге, көліктің тоқтап қалуын және бизнестің логистикалық шығындарын қысқартуға, сондай-ақ Қазақстан арқылы жүктердің өту жылдамдығы мен болжамдылығын арттыруы тиіс", - дейді үкіметте.
https://sputnik.kz/20260908/qazaqstan-aqyldy-shekara-modelin-dayekti-turde-damytyp-zhatyr---toqaev-66470361.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0d/62618978_255:0:1179:693_1920x0_80_0_0_3e345c15f6b4f873c7258cbe9da550ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, шекара, цифрландыру
үкімет, шекара, цифрландыру
Қазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды
17:33 23.09.2026 (жаңартылды: 18:39 23.09.2026) Инфрақұрылымды кеңейту және автоматтандыру есебінен жүк көлігінің орташа өту уақыты шамамен 30 минутқа дейін қысқарды
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. ПҚазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды, деп хабарлады Үкімет.
"Соңғы үш жылда өткізу пункттерін жаңғыртуға 118,6 млрд теңге бағытталды. ЕАЭО-ның сыртқы шекарасындағы 11 автомобиль пункті жаңартылды, Инфрақұрылым кеңейтілді, ал жекелеген пункттерде қозғалыс жолақтарының саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды", - деп жазылған хабарламада.
Нысандар заманауи тексеру жабдықтарымен жабдықталған. Нәтижесінде жиынтық өткізу қабілеті жылына шамамен 2 млн-нан 5 млн көлік құралына дейін өсті.
Сонымен қатар жүк көлігінің орташа өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Бұл бақылау процедураларының бір бөлігі тоқтаусыз режимге ауыстырылып, қажетті параметрлер автомобильдің қозғалысы кезінде жазылуы және автоматты түрде ақпараттық жүйелерге жіберілуі нәтижесінде болып отыр.
Инфрақұрылымды кеңейту және автоматтандыру есебінен жүк көлігінің орташа өту уақыты шамамен 30 минутқа дейін қысқарды.
"KEDEN ақпараттық жүйесінде алдын ала хабарлау, кедендік транзит, декларациялау және тауарларды өткізу автоматтандырылған. Кедендік рәсімдеудің орташа уақыты 11 сағаттан 3 сағат 30 минутқа дейін қысқарды. CarGoRuqsat электронды кезегі арқылы 4,5 млн-нан астам брондау рәсімделді", - деп хабарлады үкімет.
Үкімет хабарлауынша, Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары 2030 жылға дейін аяқталады.
Жол картасы шеңберінде ЕАЭО ішкі шекараларында автомобиль өткізу пункттерін кезең-кезеңімен реконструкциялау көзделген. Жұмыс инфрақұрылымды кеңейтуге, өткізу қабілетін одан әрі арттыруға, бақылауды автоматтандыруға және рәсімдерді цифрлық форматқа ауыстыруға бағытталатын болады.
"Жаңғырту жұмыстары транзиттік және сыртқы сауда тасымалдарының өсуін қамтамасыз етуге, көліктің тоқтап қалуын және бизнестің логистикалық шығындарын қысқартуға, сондай-ақ Қазақстан арқылы жүктердің өту жылдамдығы мен болжамдылығын арттыруы тиіс", - дейді үкіметте.