"ҚазМұнайГаз" тауарлық газ өндірісін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр

© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
Мемлекет басшысы ҚазМұнайГаз ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Есепті кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 миллион тонна мұнай өңделді
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Асхат Хасенов ұлттық компанияның биылғы он айда атқарған қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп, бүгінде "ҚазМұнайГаздың" капиталы 22 триллион теңгені құрайтынын жеткізді.
"Компанияның 2026-2030 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасына сәйкес, 23 жобаны іске асыру аясында 60 мың шақырым көлемінде сейсмикалық барлау жүргізу, сондай-ақ жалпы геологиялық ресурстық әлеуеті 4,7 миллиард тонна шартты отынға тең 26 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау көзделіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" Атырау облысында Батыс Қарасор және Маңғыстау облысында Қаражанбастың Жағалау аймағы кен орындарын игеру бастағаны айтылды.
Хасеновтың хабарлауынша, жасанды интеллект көмегімен кен орындарының цифрлық телнұсқасы енгізіліп жатыр. Сондай-ақ тауарлық газ өндіруді қысқа мерзімде 2,6 миллиард текше метрден 4,5 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобалар жөнінде мәлімет берді.
"Есепті кезеңде отандық мұнай өңдеу зауыттарында 14,9 миллион тонна мұнай өңделді. Жыл қорытындысы бойынша жеңіл мұнай өнімдерінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 800 мың тоннаға өскен", - деді компания басшысы.
Бұдан бөлек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын 12 миллион тоннаға дейін, ал Павлодар мұнай химиясы зауытының қуатын жылына 6 миллион тоннадан 9 миллион тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары қолға алынды.
Ал "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында "ҚазМұнайГаз" қызметкерлері жыл басынан бері 386 мың ағаш отырғызған.
Президент геологиялық барлау және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Экономика
Мұнай бағасы экономикаға оң әсер етіп отыр – "ҚазМұнайГаз" басшысы
Жаңалықтар
0