https://sputnik.kz/20261123/qaryzsyz-qogam-dadebay-12-mynnan-astam-azamatqa-komek-korsetilgenin-aytty-68705169.html
"Қарызсыз қоғам": Дәдебай 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілгенін айтты
"Қарызсыз қоғам": Дәдебай 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілгенін айтты
Sputnik Қазақстан
"Әділет" партиясының қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсті 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T15:51+0500
2026-11-23T15:51+0500
2026-11-23T15:51+0500
қасым-жомарт тоқаев
қарыз
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/17/68704935_8:0:1274:712_1920x0_80_0_0_69869220dadb113e773579ddf52cf58a.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және "Әділет" партиясының қызметі туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.Құрылтай төрағасы депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 заң жобасы қаралып жатқанын мәлімдеді.Ол заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатқанын атап өтті. Сессия басталғалы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 111 депутаттық сауал жолданған.Айбек Дәдебайдың айтуынша, мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, ЮНИСЕФ-пен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатылды. Женевада өткен Парламентаралық одақ алаңында жасанды интеллектіге негізделген AI-Quryltai парламенттік платформасы таныстырылған.Партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсті. Оның 8,3 мыңнан астамы оң шешімін тапты. Партиялық бақылау барысында 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тексеріліп, анықталған кемшіліктердің 80 пайызға жуығы жойылды. Ал "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.Сондай-ақ партия сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін және тапсырмалардың орындалуын қадағалауға арналған "Әділет.365" цифрлық жүйесін іске қосты.
https://sputnik.kz/20261120/buryn-keremet-tipti-minsiz-aqparatty-kop-tyndadyq-toqaev-ukimetke-tapsyrma-berdi-68636197.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/17/68704935_155:0:1104:712_1920x0_80_0_0_c54438b4800516f61f11421deb628e86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қарыз
қасым-жомарт тоқаев, қарыз
"Қарызсыз қоғам": Дәдебай 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілгенін айтты
"Әділет" партиясының қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсті
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және "Әділет" партиясының қызметі туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Құрылтай төрағасы депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 заң жобасы қаралып жатқанын мәлімдеді.
"2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды. Депутаттардың бастамасымен өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 миллиард теңге қарастырылды. Қаражат жылу, электр, газ және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады", - деді Дәдебай.
Ол заң жобаларын талдау, құқықтық қайшылықтар мен ықтимал тәуекелдерді анықтау үшін e-Quryltai жүйесі және жасанды интеллект технологияларын енгізу жалғасып жатқанын атап өтті. Сессия басталғалы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 111 депутаттық сауал жолданған.
Айбек Дәдебайдың айтуынша, мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, ЮНИСЕФ-пен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша ынтымақтастық орнатылды. Женевада өткен Парламентаралық одақ алаңында жасанды интеллектіге негізделген AI-Quryltai парламенттік платформасы таныстырылған.
"Әділет" партиясы үкіметпен бірлесіп, 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі. Құжат 303 іс-шараны қамтиды. Олардың орындалуын қадағалау үшін цифрлық мониторинг құралдары енгізіліп жатыр", - деп толықтырды Құрылтай төрағасы.
Партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсті. Оның 8,3 мыңнан астамы оң шешімін тапты. Партиялық бақылау барысында 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тексеріліп, анықталған кемшіліктердің 80 пайызға жуығы жойылды. Ал "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.
Сондай-ақ партия сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін және тапсырмалардың орындалуын қадағалауға арналған "Әділет.365" цифрлық жүйесін іске қосты.