Тоқаев жемқорлық туралы: Ешқандай награда, білім мен тәжірибе кешірім жасауға негіз емес

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Кешегі табысың емес, бүгінгі жұмысың бағаланады, деді президент
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысты ұстанымын тағы бір рет айтты.
"Ешқандай жоғары награда, керемет білім және мол тәжірибе заңға қайшы әрекет жасаған кезде кешірім жасауға негіз болмайды. Кешегі табысың емес, бүгінгі жұмысың бағаланады. Сол орынға қаншалықты лайық екеніңді нақты нәтиже және ісіңе жауапкершілікпен қарау арқылы көрсете аласың. Президент ретінде менің адамдарға көзқарасым атқарған ісіне қарай қалыптасады. Менің тарапымнан ешқандай артық немесе шамадан тыс талап қойылмайды: тәртіпті бұзбасаң, адал болсаң, жинақы жүріп, мемлекет мүддесіне қиянат жасамасаң болғаны", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, бұл – барлық лауазымды тұлғаларға қойылатын қарапайым, орынды талап. Оны мүлтіксіз орындау қажет.
"Талай рет айттым, тағы да еске саламын: Конституцияда "Заң мен Тәртіп" бұлжымас қағидат ретінде бекітілді және атақ-абыройына, қоғамдағы орнына қарамастан азаматтардың бәріне бірдей қолданылады", - деді президенті.
Сондықтан барлық деңгейдегі басшылар конституциялық құндылықтарды терең түсініп, оны іс жүзінде ұстануға тиіс. Әділетті Қазақстан құру идеясын да шынайы ниетпен қабылдағаны жөн.
Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия флага Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
"Аттары бөлек, заттары бірдей": Тоқаев ауылды қолдау бағдарламаларын тексеруді тапсырды
Жаңалықтар
0