https://sputnik.kz/20261123/para-algany-ushin-sottalgan-eks-akim-karim-kokirekbaevty-bosatuga-sheshim-shygaryldy-68700619.html
Пара алғаны үшін сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босатуға шешім шығарылды
Пара алғаны үшін сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босатуға шешім шығарылды
Sputnik Қазақстан
Алайда прокуратура органдары бұл сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат жолдады 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T13:43+0500
2026-11-23T13:43+0500
2026-11-23T13:43+0500
жамбыл облысы
сот үкімі
жаза мерзімі
https://sputnik.kz/img/251/88/2518866_7:17:981:565_1920x0_80_0_0_bc31cc733833206dc4abe2c27f171427.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевтың түрмеден босатылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты Алматы облыстық прокуратурасы түсініктеме берді.Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.Бірақ сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ."Қазіргі уақытта прокуратура органдары аталған сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат жолдады", - дейді прокуратурада.Еске сала кетейік, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсан айында 800 мың доллар көлемінде ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.Кейіннен, 2024 жылдың маусымында алқабилер соты экс-әкімді ақтап алған. Біршама уақыттан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақтау үкімі күшін жойып, Көкірекбаев қайтадан қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20250703/zhambyl-oblysynyn-buryngy-akimi-12-zhylga-sottaldy-55336883.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/251/88/2518866_88:13:962:669_1920x0_80_0_0_5225a6fe188552e861e116012c17c83a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сот үкімі, жаза мерзімі
жамбыл облысы, сот үкімі, жаза мерзімі
Пара алғаны үшін сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босатуға шешім шығарылды
Алайда прокуратура органдары бұл сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат жолдады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевтың түрмеден босатылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты Алматы облыстық прокуратурасы түсініктеме берді.
Аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
"Алматы облысы Алатау қалалық сотының 2026 жылдың 17 қарашасындағы қаулысымен Қылмыстық кодекстің 75-бабына сәйкес ауыр науқастануына байланысты сотталған К.Н.Көкірекбаевты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы №57 мекеме әкімшілігінің ұсынысы қанағаттандырылды", - дейді облыстық прокуратурада.
Бірақ сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
"Қазіргі уақытта прокуратура органдары аталған сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат жолдады", - дейді прокуратурада.
Еске сала кетейік, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсан айында 800 мың доллар көлемінде ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Кейіннен, 2024 жылдың маусымында алқабилер соты экс-әкімді ақтап алған. Біршама уақыттан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақтау үкімі күшін жойып, Көкірекбаев қайтадан қамауға алынды.