https://sputnik.kz/20250703/zhambyl-oblysynyn-buryngy-akimi-12-zhylga-sottaldy-55336883.html
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі 12 жылға сотталды
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі 12 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Кәрім Көкірекбаев "Қазселқорғау" мекемесінің басшысы қызметін де атқарған 03.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-03T15:29+0500
2025-07-03T15:29+0500
2025-07-03T15:36+0500
жамбыл облысы
сот
https://sputnik.kz/img/251/88/2518866_0:0:1004:565_1920x0_80_0_0_cb300673eb8b9eee5b6430857f7c4f97.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.Шенеунік аса ірі мөлшерде пара алу бабы бойынша сотталды. Экс-әкіммен қатар оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев және мердігер мекеменің директоры Андрей Поплавский де сот алдында жауап берді.Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 2 млрд теңгеге жуық залал келтірілген.Алқабилердің үкімімен Көкірекбаев пен Ахатаев кінәлі деп танылды.️ Сот үкімімен Көкірекбаевқа 12 жылға, Ахатаев пен Поплавскийге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсан айында 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікпен ұсталды.Кейіннен, 2024 жылдың маусымында алқабилер соты экс-әкімді ақтап алған. Дегенмен біршама уақыттан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақтау үкімі күшін жойып, Көкірекбаев қайтадан қамауға алынғанын хабарлады.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/251/88/2518866_82:0:974:669_1920x0_80_0_0_4c0978e63e08b3c89038f885006945f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, сот
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі 12 жылға сотталды
15:29 03.07.2025 (жаңартылды: 15:36 03.07.2025) Кәрім Көкірекбаев "Қазселқорғау" мекемесінің басшысы қызметін де атқарған
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Шенеунік аса ірі мөлшерде пара алу бабы бойынша сотталды. Экс-әкіммен қатар оның бұрынғы орынбасары Әділет Ахатаев және мердігер мекеменің директоры Андрей Поплавский де сот алдында жауап берді.
"Сотпен анықталғандай, облыстың бұрынғы басшысы мен оның орынбасары лауазымды тұлғалар бола отырып, ТОО директоры мен сөз байласып, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. Сондай-ақ, шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған", - деп жазылған хабарламада.
Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 2 млрд теңгеге жуық залал келтірілген.
Алқабилердің үкімімен Көкірекбаев пен Ахатаев кінәлі деп танылды.️ Сот үкімімен Көкірекбаевқа 12 жылға, Ахатаев пен Поплавскийге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, Кәрім Көкірекбаев 2022 жылдың желтоқсан айында 800 мың доллар көлемінде ірі пара алды деген күдікпен ұсталды.
Кейіннен, 2024 жылдың маусымында алқабилер соты экс-әкімді ақтап алған. Дегенмен біршама уақыттан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақтау үкімі күшін жойып, Көкірекбаев қайтадан қамауға алынғанын хабарлады.