https://sputnik.kz/20261123/otinishterdi-negizsiz-qayta-zholdaytyn-memlekettik-organdarga-qosymsha-zhauapkershilik-zhukteldi-68694869.html
Өтініштерді негізсіз қайта жолдайтын мемлекеттік органдарға қосымша жауапкершілік жүктелді
Өтініштерді негізсіз қайта жолдайтын мемлекеттік органдарға қосымша жауапкершілік жүктелді
Sputnik Қазақстан
Олар мәселені өз бетінше не себепті шеше алмайтынын және оны басқа ведомствоға қандай негізде жолдайтынын жазбаша түрде түсіндіруге міндетті 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T10:12+0500
2026-11-23T10:12+0500
2026-11-23T10:16+0500
мемлекеттік қызметші
халық
мемлекеттік органдар
https://sputnik.kz/img/562/42/5624210_0:83:2016:1217_1920x0_80_0_0_0aa63d5797360d636988bbf35e5ccc34.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Өтініштерді негізсіз қайта жолдайтын мемлекеттік органдарға қосымша жауапкершілік жүктелді. Бұл жөнінде азаматтардың өтініштер ағынын басқару және олардың санының өсу мәселелері бойынша өткен кеңесте айтылды.Өтініштерді талдау соңғы жылдары мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына және өтініштерді ведомстволар арасында бірнеше рет жолдау жағдайларына қатысты шағымдар санының артып келе жатқанын көрсетеді.Кеңесте Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мемлекеттік органдардың өтініштерді негізсіз қайта жолдауына қатысты статистикалық деректер мен нақты мысалдарды келтіріп, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жауапкершілік шараларын түсіндірді.Аталған шара негізсіз қайта жолдау тәжірибесін болдырмауға, мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға және өтініштерге мәні бойынша сапалы жауап беруді қамтамасыз етуге бағытталған.Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтердің "жасырын" түрлері мәселесі талқыланды. Мұндай жағдайларда жүйелі түрде қайталанатын сұраулар түсіп, мемлекеттік органдар қызметті автоматтандыру және проактивті форматқа көшірудің орнына, жылдар бойы оларға бірізді үлгілік жауаптар беріп келеді.Сондай-ақ бірқатар өтініш берушінің қайталанатын сұрауларды бірнеше рет жолдауына байланысты шағымдар санының арту үрдісі қаралды. Мұндай мәселелерді шешу үшін азаматтардың күрделі әрі ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан өтініштерімен нысаналы жұмыс жүргізу тәжірибесін қолдану ұсынылды.
https://sputnik.kz/20261117/elde-balalardyn-qalaaralyq-avtobustarda-zhuruine-qatysty-erezheler-ozgertilip-zhatyr-68524053.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/562/42/5624210_142:0:1874:1299_1920x0_80_0_0_f11a5ddfc8b3a027401163896d3a51cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші, халық, мемлекеттік органдар
мемлекеттік қызметші, халық, мемлекеттік органдар
Өтініштерді негізсіз қайта жолдайтын мемлекеттік органдарға қосымша жауапкершілік жүктелді
10:12 23.11.2026 (жаңартылды: 10:16 23.11.2026) Олар мәселені өз бетінше не себепті шеше алмайтынын және оны басқа ведомствоға қандай негізде жолдайтынын жазбаша түрде түсіндіруге міндетті
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Өтініштерді негізсіз қайта жолдайтын мемлекеттік органдарға қосымша жауапкершілік жүктелді. Бұл жөнінде азаматтардың өтініштер ағынын басқару және олардың санының өсу мәселелері бойынша өткен кеңесте айтылды.
Өтініштерді талдау соңғы жылдары мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына және өтініштерді ведомстволар арасында бірнеше рет жолдау жағдайларына қатысты шағымдар санының артып келе жатқанын көрсетеді.
Кеңесте Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мемлекеттік органдардың өтініштерді негізсіз қайта жолдауына қатысты статистикалық деректер мен нақты мысалдарды келтіріп, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жауапкершілік шараларын түсіндірді.
"2026 жылғы 8 қарашадан бастап жаңа норма қолданысқа енгізілді. Оған сәйкес, егер мемлекеттік органдар өтінішті үш реттен артық қайта жолдаса, олар мәселені өз бетінше не себепті шеше алмайтынын және оны басқа ведомствоға қандай негізде жолдайтынын жазбаша түрде түсіндіруге міндетті. Бұл ретте екі органның да өкілеттіктерін растайтын нормаларға сілтеме жасалуы тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Аталған шара негізсіз қайта жолдау тәжірибесін болдырмауға, мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға және өтініштерге мәні бойынша сапалы жауап беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтердің "жасырын" түрлері мәселесі талқыланды. Мұндай жағдайларда жүйелі түрде қайталанатын сұраулар түсіп, мемлекеттік органдар қызметті автоматтандыру және проактивті форматқа көшірудің орнына, жылдар бойы оларға бірізді үлгілік жауаптар беріп келеді.
Сондай-ақ бірқатар өтініш берушінің қайталанатын сұрауларды бірнеше рет жолдауына байланысты шағымдар санының арту үрдісі қаралды. Мұндай мәселелерді шешу үшін азаматтардың күрделі әрі ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан өтініштерімен нысаналы жұмыс жүргізу тәжірибесін қолдану ұсынылды.