Елде балалардың қалааралық автобустарда жүруіне қатысты ережелер өзгертіліп жатыр

© Photo : акимат АлматыАвтобус салоны
Автобус салоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
7 жасқа дейінгі балалар қалааралық автобустарда тек ересектермен бірге жүруі керек
АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Көлік министрі міндетін атқарушының жаңа бұйрығында қалааралық және халықаралық автобустарда ересектердің бірге еріп жүруінсіз жолға шыққан балаларға арналған ережелер белгіленген.
7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар халықаралық және қалааралық автобустарда ересектердің бірге еріп жүруінсіз тек ата-анасының және/немесе заңды қамқоршысының нотариуспен куәландырылған немесе электронды түрдегі жазбаша келісімімен жүре алады.
7 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге жүруі керек, ал 16 жастан асқан жасөспірімдер өздері жүре алады.
Ересек адам бірге еріп жүрмеген кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 23:00 мен таңғы 6:00 аралығында автобустарға отыруға рұқсат етілмейді.
Бұйрық 27 қарашада күшіне енеді.
Туу  туралы куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
"Баланы ауыстыру фактілері бар": депутаттар туу туралы куәлікке өзгеріс енгізуді ұсынды
Жаңалықтар
0