https://sputnik.kz/20261116/balany-auystyru-faktileri-bar-deputattar-tuu-turaly-kualikke-ozgeris-engizudi-usyndy-68489162.html
"Баланы ауыстыру фактілері бар": депутаттар туу туралы куәлікке өзгеріс енгізуді ұсынды
"Баланы ауыстыру фактілері бар": депутаттар туу туралы куәлікке өзгеріс енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Бұл құжат арқылы баланың туылғанын ғана дәлелдей аламыз, бірақ алдымызда дәл сол бала ма, жоқ басқа бала ма, оны нақты айта алмаймыз, дейді Құрылтай депутаты 16.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-16T17:04+0500
2026-11-16T17:04+0500
2026-11-16T17:04+0500
туу туралы куәлік
үкімет
құрылтай
https://sputnik.kz/img/481/50/4815023_0:80:2016:1214_1920x0_80_0_0_229dcc8138d69879741eeff0856d63c1.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Бүгінгі таңда баланың жеке басына берілетін міндетті құжат – туу туралы куәлігі ғана. Алайда бұл құжатта бала туралы ақпарат толық емес. Бұл мәселені Құрылтай депутаттары "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын іске асыру туралы Үкімет сағатында көтерді.Құрылтай депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, туу туралы куәлікте бала туралы ақпарат толық емес.Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұған қатысты "Қазақстан балалары" тұжырымамасында нақты жүзеге асырылатын шара қарастырылған. Министрлік тарапынан комиссия құрылып, бала құқығына арналған барлық заңнама зерделеніп жатыр."Егер 16 жасқа дейінгі бала қиын жағдайға тап болса, егер бала ата-анасыз, заңды өкілсіз сапар шегетін болса немесе мемлекет тарапынан шұғыл көмек керек болса, баланың нақты суреті мен идентфикациясын анықтайтын бізге мәлімет қажет. Бұл тұрғыдан Әділет және Ішкі істер министрлігімен мәселені қарастырып жатырмыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.Туындап тұрған қиындық – биометриялық мәселелер, заңның талабы және баланың жеке мәліметтерінің сақталуы.Әділет вице-министрі Айдар Жарылғановтың айтуынша, бала дүниеге келгенде туу туралы құжатты беретін медицина саласы. Бірақ оларда мұндай техникалық жағдай қарасырылмаған.
https://sputnik.kz/20250113/endi-tuu-turaly-kualikti-khqko-ga-barmay-aq-aluga-bolady-49921486.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/481/50/4815023_146:0:1870:1293_1920x0_80_0_0_5cff90df908f81f7203960376d08d61f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туу туралы куәлік, үкімет, құрылтай
туу туралы куәлік, үкімет, құрылтай
"Баланы ауыстыру фактілері бар": депутаттар туу туралы куәлікке өзгеріс енгізуді ұсынды
Бұл құжат арқылы баланың туылғанын ғана дәлелдей аламыз, бірақ алдымызда дәл сол бала ма, жоқ басқа бала ма, оны нақты айта алмаймыз, дейді Құрылтай депутаты
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Бүгінгі таңда баланың жеке басына берілетін міндетті құжат – туу туралы куәлігі ғана. Алайда бұл құжатта бала туралы ақпарат толық емес. Бұл мәселені Құрылтай депутаттары "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын іске асыру туралы Үкімет сағатында көтерді.
Құрылтай депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, туу туралы куәлікте бала туралы ақпарат толық емес.
"Бұл құжат арқылы баланың туылғанын ғана дәлелдей аламыз, бірақ алдымызда дәл сол бала ма, жоқ басқа бала ма, оны нақты айта алмаймыз. Осының салдарынан баланы ауыстырып әкету сияқты фактілер кездесіп жатады. Бұл мәселені қалай шешуге болады және Оқу-ағарту министрлігі қандай жұмыстар істеп жатыр? Ал Әділет министрлігіне сұрағым, баланың туу туралы куәлігі толықтырыла ма, әлде баланың жеке басын дұрыс сәйкестендіретін басқа құжат, әлде баса механизм бола ма?", - деді Екатерина Смышляева.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұған қатысты "Қазақстан балалары" тұжырымамасында нақты жүзеге асырылатын шара қарастырылған. Министрлік тарапынан комиссия құрылып, бала құқығына арналған барлық заңнама зерделеніп жатыр.
"Егер 16 жасқа дейінгі бала қиын жағдайға тап болса, егер бала ата-анасыз, заңды өкілсіз сапар шегетін болса немесе мемлекет тарапынан шұғыл көмек керек болса, баланың нақты суреті мен идентфикациясын анықтайтын бізге мәлімет қажет. Бұл тұрғыдан Әділет және Ішкі істер министрлігімен мәселені қарастырып жатырмыз", - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Туындап тұрған қиындық – биометриялық мәселелер, заңның талабы және баланың жеке мәліметтерінің сақталуы.
Әділет вице-министрі Айдар Жарылғановтың айтуынша, бала дүниеге келгенде туу туралы құжатты беретін медицина саласы. Бірақ оларда мұндай техникалық жағдай қарасырылмаған.
"Егер медицина саласында заңнама өзгерсе, баланы фотоға түсіу енгізілсе. Өйткені заң бойынша баланың алғашқы жылдары үнемі дәрігердің бақылауында болады. Олар баланың өзгерісін нақты көздерімен көріп отыр, алайда техникалық мәселелер де бар. Бұл орайда заңнамаға өзгерістер енгізілу керек", - дейді әділет вице-министрі Айдар Жарылғанов.