https://sputnik.kz/20250113/endi-tuu-turaly-kualikti-khqko-ga-barmay-aq-aluga-bolady-49921486.html
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
Sputnik Қазақстан
Бұл қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады 13.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-13T11:50+0500
2025-01-13T11:50+0500
2025-01-13T12:01+0500
үкімет
туу туралы куәлік
https://sputnik.kz/img/481/50/4815023_0:80:2016:1214_1920x0_80_0_0_229dcc8138d69879741eeff0856d63c1.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар туу туралы куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "Kaspi Bank" АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электронды апостильді қолдануды дамыту жоспарлануда.Сондай-ақ заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, ол "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екендігі және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, сондай-ақ нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді.Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/481/50/4815023_146:0:1870:1293_1920x0_80_0_0_5cff90df908f81f7203960376d08d61f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, туу туралы куәлік
үкімет, туу туралы куәлік
Енді туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады
11:50 13.01.2025 (жаңартылды: 12:01 13.01.2025) Бұл қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар туу туралы куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ала алады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "Kaspi Bank" АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электронды апостильді қолдануды дамыту жоспарлануда.
"Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді. Бұл қызметке 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, ол "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екендігі және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, сондай-ақ нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді.
Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.