Видео

"Халықтық құрылыс" кезінде отандық материалдарды пайдалануды қалай бақылайды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "ҚазАвтоЖол" Құрылыс жұмыстары
Құрылыс жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Алдағы уақытта өндірісте отандық тауарларды пайдалану мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейтіледі
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы жаппай құрылыс кезінде отандық материалдарды пайдалануға бақылау қалай жасалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік отандық материалдарды барынша кеңінен қолдану және оларды импорттық өнімдермен негізсіз алмастыруға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдайды.

"Осы мақсатта Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі ақпарат құрылыстың барлық кезеңде ескерілетін болады. Осылайша, құрылыс саласында отандық материалдардың қолданылуы барлық кезеңде цифрлық бақылауға алынады", - деді Нағаспаев Құрылтайдағы үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, цифрлық тізілім аясында кәсіпорынның өзінде қандай өнім шығарылатыны, оның қалай өндірілетіні де тексеріледі.
Бүгінде тізілімде 2,7 мыңнан астам өндіруші бар. Олар 84мыңға жуық тауар түрлерін шығарады.
"Алдағы уақытта өндірісте отандық тауарларды пайдалану мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұдан бөлек, "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында құрылыс материалдарына деген қажеттілікке талдау жүргізіліп, жаңа өндіріс бағыттары айқындалады", - деді Нағаспаев.
Айта кетері, Қазақстанда 2027 жыл Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланды. Соның аясында республика бойынша жүздеген нысан салынады. Ал ұлттық қордан үш жылда 6,5 трлн теңге көлемінде қыруар қаражат бөлінеді.
Завод железобетонных изделий, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
"Халықтық құрылыс": қандай құрылыс материалдары өндіріледі
Жаңалықтар
0