https://sputnik.kz/20261123/biyl-elde-5-kun-elektr-stantsiyasy-iske-qosylady-68693218.html
Биыл елде 5 күн электр станциясы іске қосылады
Биыл елде 5 күн электр станциясы іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Биылғы тоғыз айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірді 23.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-23T08:33+0500
2026-11-23T08:33+0500
2026-11-23T09:00+0500
министрлік
электр энергиясы
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576817_0:180:3067:1905_1920x0_80_0_0_6abd18502a9e876d82c6c861c8cc21d6.jpg.webp
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Биыл Қазақстанда қуаты 92 МВт болатын 5 күн электр станциясы іске қосылады, депхабарлады Энергетика министрлігі.Бүгінде еліміздегі жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы белгіленген қуаты 3,7 ГВт-ты құрайды. Оның ішінде күн электр станцияларының үлесі – 1,3 ГВт.Биылғы тоғыз айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірді. Оның 1,9 млрд кВт·сағаты күн электр станцияларына тиесілі.2026 жылы 245 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан іске қосылды. Оның ішінде 62,6 МВт болатын үш күн электр станциясы бар:Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Қызылорда облысында жалпы қуаты 30 МВт болатын "Альхена" ЖШС-нің екі күн электр станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ірі перспективалы жобалардың қатарында China Energy компаниясының қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасы, сондай-ақ Tumar Commerce компаниясының жиынтық қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жобалары бар.
https://sputnik.kz/20261013/elde-17-myn-shaqyrym-elektr-zhelileri-zhanartyldy-67525922.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576817_140:0:2869:2047_1920x0_80_0_0_2848646561d0f1cb7fc5d7be9e79b7c9.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, электр энергиясы, маңғыстау облысы
министрлік, электр энергиясы, маңғыстау облысы
Биыл елде 5 күн электр станциясы іске қосылады
08:33 23.11.2026 (жаңартылды: 09:00 23.11.2026) Биылғы тоғыз айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірді
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Биыл Қазақстанда қуаты 92 МВт болатын 5 күн электр станциясы іске қосылады, депхабарлады Энергетика министрлігі.
Бүгінде еліміздегі жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы белгіленген қуаты 3,7 ГВт-ты құрайды. Оның ішінде күн электр станцияларының үлесі – 1,3 ГВт.
Биылғы тоғыз айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірді. Оның 1,9 млрд кВт·сағаты күн электр станцияларына тиесілі.
2026 жылы 245 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан іске қосылды. Оның ішінде 62,6 МВт болатын үш күн электр станциясы бар:
Маңғыстау облысындағы қуаты 20 МВт "Stellar Energy" ЖШС;
Қостанай облысындағы қуаты 22,6 МВт "Altyn Solar Energy" ЖШС;
Жетісу облысындағы қуаты 20 МВт "Jetisu Terra Power" ЖШС.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Қызылорда облысында жалпы қуаты 30 МВт болатын "Альхена" ЖШС-нің екі күн электр станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар жалпы қуаты 900 МВт болатын күн энергетикасы саласындағы перспективалы жобалар портфелі қалыптастырылуда. Жалпы, 2035 жылдың соңына дейін кемінде 8,4 ГВт жаңа ЖЭК қуаттарын, оның ішінде шамамен 1,8 ГВт күн генерациясын іске қосу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Ірі перспективалы жобалардың қатарында China Energy компаниясының қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасы, сондай-ақ Tumar Commerce компаниясының жиынтық қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жобалары бар.