Елде 17 мың шақырым электр желілері жаңартылды
09:16 13.10.2026 (жаңартылды: 09:17 13.10.2026)

© AP Photo / Mohssen Assanimoghaddam
Жазылу
Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола облысында іске асырылды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.
"Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола облысында іске асырылды. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді", - дейді министрлік.
Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.
Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өткен.
️Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті жылыту маусымы кезеңінде электр энергетикасы нысандары жұмысына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастырып келеді.