Адамның фото-видеосын пайдалануға қатысты заңның негізгі нормалары қандай

© Фотохост Конгресса молодых учёных / Медиабанкке өтуФотограф на конгрессе молодых ученых, архивное фото
Фотограф на конгрессе молодых ученых, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Заңды бұзғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қазақстан заңнамасында ашық дереккөздерден алынған адамның фото-видеосын пайдалануға қатысты заң талаптары нақтыланды. Соның аясында отбасылық өмірге және қызмет бабымен түсірілген материалдарды да ажырата білу керек. Sputnik Қазақстан қазіргі заңның негізгі нормаларын ұсынады.

Конституция не дейді?

Биыл қабылданған жаңа Конституцияның 23-бабына сәйкес еркін ақпарат алу және тарату құқығы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен іске асырылады. Осылайша, шығармашылық еркіндікке кепілдік берілген. Алайда біреудің суретін келісімсіз пайдалану адамның құқығын бұзады, демек, заңмен тыйым салынған әрекет болып саналады. Мәселен, қоғамдық жерде ешбір шектеусіз фото мен видео түсіруге болады. Ал кадрға біреу кіріп кетсе, ол адамның келісімі керек.
Бүгінде Азаматтық кодекстің 145-бабында адамның өз бейнесіне қатысты құқығы да бекітілген.
"Қандай да бір адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің келісімінсіз пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ", – делінген заңда.

Желіден алынған суретке де келісім керек

Бүгінде әлеуметтік желіге күн сайын миллиондаған фото мен видео жүктеледі. Соның ішінде адамның жеке суреттері де бар. Қазақстан заңнамасында осы материалдарды пайдалану мәселесі де нақтыланып отыр. Бүгінде Құрылтай тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оған сәйкес, ашық дереккөздерден алынған адамның фото және видеосын оның өзі пайдалануға тыйым салмаған жағдайда ғана келісімінсіз қолдануға болады. Келісім болмаса, айыппұл салынады.
жеке тұлғаларға 30 АЕК (2026 жылы 129 750 теңге);
ұйымдарға 60–200 АЕК (2026 жылы 259 500–865 000 теңге).
Сонымен қатар заң жобасында адамның жеке және отбасылық өміріне қатысты ақпарат пен видеолар оның кәсіби қызметіне қатысы жоқ деп нақты бекітіледі. Осылайша, шенеуніктер қызмет кезінде фото-видеоға түсіп қалса, оны жеке өмірге қол сұғу деген желеумен шағымдана алмайды.

Қылмыстық іс қай кезде қозғалады?

Адамның суреті үшін айыппұл салынса, жекеменшік аймақта түсірілген фото мен видео үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Себебі ондай әрекет адамның өміріне қолсұғушылық болып бағаланады.
Қылмыстық кодекстің 147-бабының 2-бөлігі (Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу (таратуды қоспағанда) нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру) бойынша бірнеше жаза қарастырылған. Олар:
5 000 АЕК-ке (18 460 000 теңгеге) дейінгі айыппұл;
түзеу жұмыстары;
800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу;
үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сот қылмыстық әрекеттің ауырлығына қарай бес жазаның біреуін тағайындайды.
Ал қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып жасалған ондай әрекет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Здание курултая - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Заңда адамның фото және видео бейнесін пайдалануға қатысты талаптар нақтыланды
Жаңалықтар
0