Қазақстан мен Иордания азаматтық авиация саласындағы меморандумға қол қойды

© Комитет гражданской авиации КазахстанаҚазақстан мен Иордания азаматтық авиация саласындағы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Иордания азаматтық авиация саласындағы меморандумға қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2026
Жазылу
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, әр тарапқа аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі беріледі
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Иордания азаматтық авиация саласындағы Меморандумға қол қойды
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясына қатысты.
Іс-шарада ол Иордания Азаматтық авиацияны реттеу комиссиясы Комиссарлар кеңесінің төрағасы капитан Дейфалла Фараджатпен екіжақты кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы тұрақты әуе қатынасын кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
© Комитет гражданской авиации КазахстанаҚазақстан мен Иордания азаматтық авиация саласындағы меморандумға қол қойды
Казахстан и Алжир подписали меморандум в сфере авиации - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2026
Қазақстан мен Иордания азаматтық авиация саласындағы меморандумға қол қойды
"Иордания тарапы "Royal Jordanian" ұлттық әуе тасымалдаушысының Қазақстанға тұрақты рейстер ашуға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар Иордания азаматтары тарапынан Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқаны атап өтілді, бұл екі ел арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады", - деп жазылған хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің авиациялық билік органдары тұрақты әуе рейстерін орындауды көздейтін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, әр тарапқа аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі беріледі.
ЕАЭО мен БҰҰ АЗЭӘК жаңа меморандумға қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
ЕАЭО Азия аймағын дамыту ұйымымен жаңа меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
0