https://sputnik.kz/20261105/eaeo-men-buu-azeak-zhana-memorandumga-qol-qoydy-68255198.html
ЕАЭО Азия аймағын дамыту ұйымымен жаңа меморандумға қол қойды
ЕАЭО Азия аймағын дамыту ұйымымен жаңа меморандумға қол қойды
Sputnik Қазақстан
ЕЭК министрі Бақыт Сұлтанов Бішкектегі форумда Еуразиялық одақтың сауданы жеңілдету саласындағы тәжірибесін таныстырды 05.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-05T15:38+0500
2026-11-05T15:38+0500
2026-11-05T15:56+0500
ынтымақтастық
бішкек
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68251919_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8021bc6d5353459ee99de5eb21c76251.jpg
АСТАНА, 5 қараша - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТЭӘК) жаңа өзара түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлады ЕЭК.Қол қою рәсімі Бішкекте Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасының экономикалық форумы аясында өтті. Салтанатты шараға ЕЭК экономика министрі Бақыт Сұлтанов және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТЭӘК атқарушы хатшысы Армида Салсиах Алишахбан қатысты.Комиссия құжат ЕЭК пен АТЭӘК арасындағы 2030 жылдың соңына дейінгі ынтымақтастықтың негізін анықтайтынын, алдыңғы екі меморандумда көрсетілген өзара әрекеттесудің қолданыстағы салаларын сақтайтынын, сонымен бірге инновация, жасанды интеллект және төмен көміртекті даму бойынша өзекті мәселелерді қосатынын хабарлады.Сонымен қатар, ЕЭК министрі ЕАЭО-ның сауданы жеңілдету, тасымалдауда электрондық құжаттарды пайдалану, бірыңғай қызметтер нарығын дамыту және өнеркәсіптік ынтымақтастықты қолдау саласындағы тәжірибесін ұсынды."Өзара байланыс тек инфрақұрылыммен шектелмейді. Айқын сауда ережелері, үйлесімді цифрлық шешімдер және кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қажет. Дәл осы тәсіл бізге географиялық жақындықты тұрақты экономикалық байланыстарға айналдыруға мүмкіндік береді", - деді Бақыт Сұлтанов.ЕЭК министрі сондай-ақ АТЭӘК және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен сараптамалық консультациялар, аналитикалық материалдар алмасу және тақырыптық іс-шаралар арқылы ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.
https://sputnik.kz/20261104/eaeo-da-elektr-zhabdyqtaryn-tanbalau-tsifrlandyrylady-68226125.html
бішкек
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/05/68251919_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_ce148afdb107410d2b8630222d75d58d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ынтымақтастық, бішкек, еаэо
ынтымақтастық, бішкек, еаэо
ЕАЭО Азия аймағын дамыту ұйымымен жаңа меморандумға қол қойды
15:38 05.11.2026 (жаңартылды: 15:56 05.11.2026) ЕЭК министрі Бақыт Сұлтанов Бішкектегі форумда Еуразиялық одақтың сауданы жеңілдету саласындағы тәжірибесін таныстырды
АСТАНА, 5 қараша - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТЭӘК) жаңа өзара түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлады ЕЭК.
Қол қою рәсімі Бішкекте Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасының экономикалық форумы аясында өтті. Салтанатты шараға ЕЭК экономика министрі Бақыт Сұлтанов және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТЭӘК атқарушы хатшысы Армида Салсиах Алишахбан қатысты.
Комиссия құжат ЕЭК пен АТЭӘК арасындағы 2030 жылдың соңына дейінгі ынтымақтастықтың негізін анықтайтынын, алдыңғы екі меморандумда көрсетілген өзара әрекеттесудің қолданыстағы салаларын сақтайтынын, сонымен бірге инновация, жасанды интеллект және төмен көміртекті даму бойынша өзекті мәселелерді қосатынын хабарлады.
"Өзара қызығушылық тудыратын бағыттарға сауданы жеңілдету, электрондық сауда, көлік және логистикалық байланыстар, цифрлық трансформация және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді бақылау кіреді. Мұндай өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық комиссияға халықаралық тәсілдер мен сараптамалық әзірлемелерді пайдалануға мүмкіндік береді", - деді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар, ЕЭК министрі ЕАЭО-ның сауданы жеңілдету, тасымалдауда электрондық құжаттарды пайдалану, бірыңғай қызметтер нарығын дамыту және өнеркәсіптік ынтымақтастықты қолдау саласындағы тәжірибесін ұсынды.
"Өзара байланыс тек инфрақұрылыммен шектелмейді. Айқын сауда ережелері, үйлесімді цифрлық шешімдер және кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қажет. Дәл осы тәсіл бізге географиялық жақындықты тұрақты экономикалық байланыстарға айналдыруға мүмкіндік береді", - деді Бақыт Сұлтанов.
ЕЭК министрі сондай-ақ АТЭӘК және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен сараптамалық консультациялар, аналитикалық материалдар алмасу және тақырыптық іс-шаралар арқылы ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.