Отандық авиация жаңа отын стандартарына көшуді жоспарлап отыр

© Пресс-служба Министерства транспорта КазахстанаПервый грузовой рейс авиакомпании Flydubai принял аэропорт Алматы
Первый грузовой рейс авиакомпании Flydubai принял аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2026
Жазылу
Елордада мемлекеттік органдар, мұнай өңдеу саласы, әуежай өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар бас қосты
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Астанада Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен елді авиациялық отынмен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған салалық жиын өтті.
Басқосуға мемлекеттік органдар, мұнай өңдеу саласы, әуежай өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Шараны ашқан Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел ұшу қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа отын стандарттарына көшу сапалы инфрақұрылыммен, білікті мамандармен және тәуекелдерді тиімді басқарумен қатар жүруі тиіс.
"Кездесу барысында мамандар қазіргі қолданыстағы ТС-1 және РТ отындарымен қатар, әлемдік стандарттағы Jet A-1 маркалы авиаотынды кеңінен енгізуге отандық әуежайлардың дайындығын пысықтады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ отынды өндіруден бастап, ұшаққа құйғанға дейінгі барлық кезеңде зертханалық бақылауды күшейту, ұлттық стандарттарды жаңарту және болашақта экологиялық таза тұрақты авиациялық отынды (SAF) қолдану перспективалары талқыланды.
Бұдан бөлек, қатысушылар отын сапасы мен сақтау талаптарын бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершілік мәселелерін де қарастырды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Қазақстан авиаотын өндіру жоспарын асыра орындамақ
Жаңалықтар
0