Қазақстан авиаотын өндіру жоспарын асыра орындамақ

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Авиаотын өндірісі 825 мың тоннаға дейін артады
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан авиаотын өндіру жоспарын асыра орындамақ, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"Биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, былтыр 726 мың тонна авиаотын өндірілді.
"Алдағы уақытта өндіріс көлемін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып, 2031 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр", - деп атап өтті ведомство.
Қазақстанның азаматтық авиациясының, күштік құрылымдардың, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік материалдық резервінің қажеттіліктері отандық авиациялық отын есебінен толық қамтамасыз етіледі.
Жолаушылар авиациясының ішкі жылдық қажеттілігі 680 мың тоннаны құрайды.
Алатау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2026
Алатауда экологиялық авиаотын өндіру жобасы іске асырылады
Жаңалықтар
0