Отан алдындағы серт: 1500-ден астам сарбаз әскери борышын өтеуге кірісті

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады
Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2026
Жазылу
Рәсімге қолбасшылық өкілдері, қоғам қайраткерлері және сарбаздардың ата-аналары мен жақындары жиналды
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазақстан Қарулы күштерінің 1500-ден астам жас сарбазы отан алдында әскери ант қабылдады.
Салтанатты рәсім арнайы операциялар күштері, десанттық-шабуылдау әскерлері және әскери-теңіз күштерінің бөлімшелерінде өтті. Олардың басым бөлігі, яғни 1300-ден астам жауынгер Қонаев, Талдықорған және Алматы гарнизондарындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарына қосылды.
Рәсімге қолбасшылық өкілдері, әскер ардагерлері, қоғам қайраткерлері және сарбаздардың ата-аналары мен жақындары жиналды.
Ақмола гарнизонындағы шараға Қараөткел ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Балбақыт Исмағұлова келіп, үшінші немересі Қалижан Айтмағамбетке ақ батасын берді. Оның айтуынша, әулеттегі барлық ұлдар әскери борышын өтеген.
"Барлық ұлдарым әскер қатарында борышын өтеген, енді олардың жолын немерелерім жалғастырып келеді. Үлкен немерем Сарыөзек гарнизонында қызмет етіп, кейін сонда келісімшарт бойынша қалды. Бұл әскери бөлімге осымен екінші рет келіп тұрмын. Былтыр мұнда екінші немерем ант қабылдаса, бүгін міне үшінші немерем Отан алдында серт берді", – деді көпбалалы ана.
Ақтау гарнизонында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған 180-ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады. Матрос Даниял Маратов үшін әскери ант қабылдау, отбасылық дәстүрдің жалғасына айналды.
"Әкем 25 жылдан бері Әскери-теңіз күштерінің қатарында қызмет етіп келеді. Мен де әке жолын жалғастыруды ұйғардым. Оның сенімін ақтап, әскери борышымды абыроймен өтеуге бар күшімді саламын", – деді сарбаз.
Жас сарбаздар Қазақстан республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын адал қорғауға серт берді.
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Әскерге шақырылғандар кредит төлемін қанша уақытқа шегере алады
Жаңалықтар
0