https://sputnik.kz/20261020/askerge-shaqyrylgandar-kredit-tolemin-qansha-uaqytqa-shegere-alady-67758864.html
Әскерге шақырылғандар кредит төлемін қанша уақытқа шегере алады
Әскерге шақырылғандар кредит төлемін қанша уақытқа шегере алады
Sputnik Қазақстан
Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жаңа банктік қарыздар мен микрокредиттер беруге тыйым салынған 20.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-20T14:45+0500
2026-10-20T14:45+0500
2026-10-20T14:45+0500
әскери борыш
кредит
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың кредит төлемдерін кейінге қалдыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыра алады. Бұл жеңілдік әскери қызмет аяқталғаннан кейін тағы екі ай бойы сақталады. Осы кезеңде кредит бойынша сыйақы есептелмейді.Төлемді кейінге қалдыру үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына өтініш берудің қажеті жоқ. Әскери қызметке шақыру және одан босату туралы мәліметтер кредиттік бюро арқылы банктер мен микроқаржы ұйымдарына жіберіледі.Әскерге дейін төленбеген кредиттер не болады?Мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін проблемалық қарызы болған азаматтарға қатысты берешекті өндіріп алу рәсімдері де уақытша тоқтатылуға тиіс."Әскери қызмет аяқталғаннан кейін берешек сақталады. Сондықтан әскерге шақырылғанға дейін кредиттік міндеттемелеріңіздің жай-күйін тексеріп, қажет болған жағдайда оларды реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдаған жөн", – деп ескертті агенттік мамандары.Әскерде жүргенде жаңа кредит алуға бола ма?Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жаңа банктік қарыздар мен микрокредиттер беруге тыйым салынған.Банк немесе микроқаржы ұйымы кредиттік бюро арқылы азаматтың мәртебесін тексереді. Егер кредиттік есепте оның мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқаны туралы ақпарат болса, жаңа қарыз немесе микрокредит берілмейді.Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі жылда 82,1 мың әскери қызметшінің кредит төлемдері кейінге шегерілген. Кейінге қалдырылған кредиттердің жалпы сомасы 23,5 млрд теңгені құрайды.
https://sputnik.kz/20231106/kredit-beru-tartibi-qalay-ozgeredi-39955054.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери борыш, кредит
Әскерге шақырылғандар кредит төлемін қанша уақытқа шегере алады
Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жаңа банктік қарыздар мен микрокредиттер беруге тыйым салынған
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың кредит төлемдерін кейінге қалдыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыра алады. Бұл жеңілдік әскери қызмет аяқталғаннан кейін тағы екі ай бойы сақталады. Осы кезеңде кредит бойынша сыйақы есептелмейді.
Төлемді кейінге қалдыру үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына өтініш берудің қажеті жоқ. Әскери қызметке шақыру және одан босату туралы мәліметтер кредиттік бюро арқылы банктер мен микроқаржы ұйымдарына жіберіледі.
Әскерге дейін төленбеген кредиттер не болады?
Мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін проблемалық қарызы болған азаматтарға қатысты берешекті өндіріп алу рәсімдері де уақытша тоқтатылуға тиіс.
"Әскери қызмет аяқталғаннан кейін берешек сақталады. Сондықтан әскерге шақырылғанға дейін кредиттік міндеттемелеріңіздің жай-күйін тексеріп, қажет болған жағдайда оларды реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдаған жөн", – деп ескертті агенттік мамандары.
Әскерде жүргенде жаңа кредит алуға бола ма?
Мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде жаңа банктік қарыздар мен микрокредиттер беруге тыйым салынған.
Банк немесе микроқаржы ұйымы кредиттік бюро арқылы азаматтың мәртебесін тексереді. Егер кредиттік есепте оның мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқаны туралы ақпарат болса, жаңа қарыз немесе микрокредит берілмейді.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі жылда 82,1 мың әскери қызметшінің кредит төлемдері кейінге шегерілген. Кейінге қалдырылған кредиттердің жалпы сомасы 23,5 млрд теңгені құрайды.