https://sputnik.kz/20261121/soltustik-polyuste-bolgan-qaragandylyq-oqushy-astanadagy-kormege-keldi-68670522.html
Солтүстік полюсте болған қарағандылық оқушы Астанадағы көрмеге келді
Солтүстік полюсте болған қарағандылық оқушы Астанадағы көрмеге келді
Sputnik Қазақстан
Анна алғаш рет осы көрмеге екі жыл бұрын, 9-сыныпта оқып жүрген кезінде барған 21.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-21T17:53+0500
2026-11-21T17:53+0500
2026-11-21T18:24+0500
студент
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/15/68668762_0:189:1032:769_1920x0_80_0_0_994fa311553464845287c664e75ae6a6.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Солтүстік полюсте болған қарағандылық оқушы Анна Рагозина Астанада өткен "Ресейде білім ал" атты ресейлік жоғары оқу орындарының көрмесіне келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Анна көрмеге алғаш рет екі жыл бұрын, 9-сыныпта оқып жүрген кезінде барған.Келесі жылдың мамыр айында жас қарағандылық мектепті бітіреді. Сондықтан бұл жолы ол Астанаға жоғары оқу орнын таңдап, оқуға түсуге өтініш беру үшін келген.Болашақта Анна өзін медициналық инженерия саласына арнағысы келеді. Жоғары оқу орнына түсу үшін физика мен математика пәндерінен емтихан тапсырады.Оның таңдаулы оқу орындарының тізімінде бірнеше университет бар: МИФИ-дің Алматы филиалы, Орал федералдық университеті және Томск политехникалық университеті."Міндетті түрде МИФИ филиалының стендіне барамын. (...) 9-сыныпта оқып жүргенімде, осы жерге келгенімде, Мәскеудегі МИФИ өкілдері болған еді. Дәл сол кезде мен "Росатом" туралы және осы университет жайында алғаш рет білдім. Әрине, олардың бүгін де осында болғанын қатты қалар едім, бірақ, өкінішке қарай, олар келмепті. Қалай болғанда да, мұнда Алматы филиалының өкілдері болады", – деп түйіндеді Анна.
https://sputnik.kz/20261121/astanada-universitetter-kormesi-otip-zhatyr-68664476.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/15/68668762_0:30:1032:803_1920x0_80_0_0_ec4979e8baf5159a2f9dcb6353052ce8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студент, қарағанды облысы
студент, қарағанды облысы
Солтүстік полюсте болған қарағандылық оқушы Астанадағы көрмеге келді
17:53 21.11.2026 (жаңартылды: 18:24 21.11.2026) Анна алғаш рет осы көрмеге екі жыл бұрын, 9-сыныпта оқып жүрген кезінде барған
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Солтүстік полюсте болған қарағандылық оқушы Анна Рагозина Астанада өткен "Ресейде білім ал" атты ресейлік жоғары оқу орындарының көрмесіне келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Анна көрмеге алғаш рет екі жыл бұрын, 9-сыныпта оқып жүрген кезінде барған.
"Бізге "Россотрудничествоның" жаңалықтарын жариялап отыратын Telegram канал бар екенін айтты. Бір күні "Білім мұзжарғышы" ("Ледокол знаний") байқауының жарнамасын көріп, өз бағымды сынап көруге шешім қабылдадым", – деп атап өтті ол.
Келесі жылдың мамыр айында жас қарағандылық мектепті бітіреді. Сондықтан бұл жолы ол Астанаға жоғары оқу орнын таңдап, оқуға түсуге өтініш беру үшін келген.
Болашақта Анна өзін медициналық инженерия саласына арнағысы келеді. Жоғары оқу орнына түсу үшін физика мен математика пәндерінен емтихан тапсырады.
Оның таңдаулы оқу орындарының тізімінде бірнеше университет бар: МИФИ-дің Алматы филиалы, Орал федералдық университеті және Томск политехникалық университеті.
"Міндетті түрде МИФИ филиалының стендіне барамын. (...) 9-сыныпта оқып жүргенімде, осы жерге келгенімде, Мәскеудегі МИФИ өкілдері болған еді. Дәл сол кезде мен "Росатом" туралы және осы университет жайында алғаш рет білдім. Әрине, олардың бүгін де осында болғанын қатты қалар едім, бірақ, өкінішке қарай, олар келмепті. Қалай болғанда да, мұнда Алматы филиалының өкілдері болады", – деп түйіндеді Анна.