Астанада университеттер көрмесі өтіп жатыр

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Дипломат Қазақстан талапкерлеріне Ресейде білім алу үшін бөлінетін мемлекеттік гранттар бар екенін еске салды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Астанада "Ресейде білім ал" атты университеттер көрмесі басталды.

"Ресейде білім ал" университеттер көрмесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Көрменің ашылуында Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Юрий Мельник Астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы екіжақты ынтымақтастықтың көптеген бағыты жүзеге асырылатын орталыққа айналғанын атап өтті.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Юрий Мельник
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Осы ғимаратта қалыптасқан жақсы дәстүрлердің бірі – жылына екі рет Ресейдің "Ресейде білім ал" білім беру көрмесін өткізу. Көктемде де, күзде де осы іс-шараларға келген сайын қуаныш сезіміне бөленемін. Ресей университеттерінің қазақстандық әлеуетті студенттерге, болашақ ғалымдарға өз мүмкіндіктерін ұсынып жатқаны мені қуантады", – деді ол.

"Ресейде білім ал" университеттер көрмесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Мельниктің айтуынша, оны қазақстандық мектеп түлектерінің Ресей жоғары оқу орындарына деген қызығушылығы да қуантады. Оның сөзінше, ресейлік университеттер жоғары академиялық талаптарды сақтайды, сапалы, сұранысқа ие әрі тәжірибеге бағытталған білім береді. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті дипломдар ұсынады.
"Ресей қазақстандық жастарға білім алу үшін шынымен де кең мүмкіндіктер ұсынып отыр. Біріншіден, сіздер Ресей азаматтарымен бірдей негізде оқуға түсе аласыздар. Қазір Ресей университеттерінде мыңдаған, тіпті ондаған мың қазақстандық білім алып жатыр", – деп толықтырды дипломат.

"Ресейде білім ал" университеттер көрмесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Оның айтуынша, Қазақстанда білім алып жатқан Ресей студенттерінің саны да артып келеді.
"Енді Қазақстанға оқуға келетін ресейліктердің де саны көбейіп жатқанын айту керек. Яғни, бұл – екіжақты қозғалыс", – деді Мельник.
Дипломат Қазақстан талапкерлеріне Ресейде білім алуға арналған үкіметтік квоталар, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да түрлері бар екенін еске салды.
"Жақында Open Doors деп аталатын халықаралық олимпиада пайда болды. Оның жеңімпаздары Ресей университеттеріне қабылдау емтихандарынсыз түсу құқығына ие болады. Сонымен қатар олимпиада Ресейде тұруға байланысты кейбір шығындарды өтеу түрінде қосымша мүмкіндіктер береді", – деп атап өтті Мельник.
Дипломаттың айтуынша, білім беру саласындағы ынтымақтастық Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың негізгі тіректерінің бірі болып саналады.

"Ресейде білім ал" университеттер көрмесі
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Сергей Смирнов ата-аналар мен түлектердің болашақты дұрыс жоспарлап отырғанын атап өтіп, мұндай көрмелердің нәтижелі екенін айтты.
Бүгін және ертең көрмеге келушілер:
Ресей университеттерінің өкілдерімен тікелей сөйлесе алады;
базалық және мамандандырылған жоғары білім беру бағдарламалары, сондай-ақ аспирантура туралы ақпарат ала алады;
Ресей үкіметінің квотасы бойынша оқуға түсу мәселелері жөнінде кеңес ала алады;
дайындық курстары мен қабылдау емтихандары туралы мәлімет біле алады;
қазір Ресейде білім алып жатқан студенттердің кеңестерін тыңдай алады.