Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швейцария Ресей мен Еуропа арасындағы келіссөзді ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDФлаги Евросоюза на фоне административного здания в Брюсселе
Флаги Евросоюза на фоне административного здания в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Швейцария Ресей мен Еуропаның қатысуымен дипломатиялық келіссөз процесін ұйымдастыруға қажеттілік туындаған жағдайда жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні Шэньчжэнь қаласында журналистерге берген сұхбатында Мәскеу Еуропаның келіссөзге қандай ұсыныстармен келуге дайын екенін түсінуі қажет екенін айтты. Оның сөзінше, Ресей дипломатиялық арналар арқылы еуропалықтарды Украинадағы жағдайды реттеу мәселесі бойынша өз ұстанымдарын тыңдау үшін Мәскеуге келуге шақырған.
Осыдан кейін Германия канцлері Фридрих Мерц келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдегенімен, кездесуді өткізу орнына қатысты шарттар қойып, бейтарап алаң ұсынған.
"Швейцария дипломатиялық үдеріске нақты үлес қоса алатын бағыттар бойынша жәрдемдесуге дайын. Атап айтқанда, бұл Швейцария аумағында алдағы келіссөзді өткізу мүмкіндігін ұсынуды және қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді қамтиды", – деп мәлімдеді елдің Сыртқы істер министрлігі.
Бұған дейін Ресейдің Берндегі елшілігі Швейцарияны НАТО-мен жақындасып, Ресейге қарсы санкциялар енгізгендіктен Украина бойынша келіссөз өткізуге қолайлы бейтарап ел ретінде қарастыруға болмайтынын айтқан еді.
Спецпосланник США Стивен Уиткофф - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Уиткофф Берлинде өткен келіссөздің жемісті болғанын мәлімдеді
Жаңалықтар
0