Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Уиткофф Берлинде өткен келіссөздің жемісті болғанын мәлімдеді

© Sputnik / Кристина Соловьёва / Медиабанкке өтуСпецпосланник США Стивен Уиткофф
Спецпосланник США Стивен Уиткофф - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
АҚШ делегациясының Берлинге сапарының мақсаты еуропалық серіктестермен тікелей байланыс орнату, пікір алмасу және алдағы қадамдарды талқылау болған
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Берлинде өткен "ниет білдірушілер коалициясының" еуропалық одақтастармен кездесуіндегі келіссөздің жемісті болғанын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президентінің тағы бір арнайы өкілі Джаред Кушнер Украина мәселесіне арналған "ниет білдірушілер коалициясының" Берлиндегі кездесуін мазмұнды әрі сәтті деп бағалаған болатын.
"Бүгін... біз Джаред Кушнермен бірге Берлинде еуропалық одақтастарымызбен өткен "ниет білдірушілер коалициясының" кездесуіне қатыстық. Келіссөз ашық әрі жемісті болды", – деп жазды Уиткофф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, АҚШ делегациясының Берлинге сапарының мақсаты еуропалық серіктестермен тікелей байланыс орнату, пікір алмасу және алдағы қадамдарды талқылау болған. Ол сондай-ақ пікірталастардың нақты мәселелерге бағытталғанын атап өтіп, кездесу қатысушыларының байыпты көзқарасы мен белсенділігін жоғары бағалады.
Уиткофф алда әлі де маңызды жұмыстар тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, Вашингтон берік бейбітшілікке қол жеткізу үшін одақтастарымен жұмысты жалғастыруға ниетті.
Ресей президенті Владимир Путин 12 қарашада Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді қабылдаған болатын.
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы қақтығысты реттеу үшін тараптар талаптан қайтуға дайын – Кушнер
Жаңалықтар
0