https://sputnik.kz/20261121/aqtobe-oblysynda-algash-ret-epilepsiyany-emdeuge-arnalgan-neyrostimulyator-implantatsiyalandy-68668278.html
Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсияны емдеуге арналған нейростимулятор имплантацияланды
Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсияны емдеуге арналған нейростимулятор имплантацияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқасқа кезбе жүйке нейростимуляторын (VNS) имплантациялау бойынша жоғары... 21.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-21T17:11+0500
2026-11-21T17:11+0500
2026-11-21T17:11+0500
ақтөбе облысы
операция
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/15/68663938_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_c3a8ae559368e5506bc5045eefe70bd7.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқасқа кезбе жүйке нейростимуляторын (VNS) имплантациялау бойынша жоғары технологиялық операция жасалды, деп хабарлады өңір әкімдігі.Операция облыстық көпбейінді ауруханада Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығы мамандарымен бірлесіп жүргізілді.Операция заманауи нейрохирургиялық және эндоваскулярлық емдеу әдістерін енгізуге арналған екі күндік шеберлік сабағы аясында өтті. Іс-шараға Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургі Бауыржан Құнақбаев қатысты.VNS технологиясы эпилепсияның, соның ішінде дәрі-дәрмекпен емдеуге көнбейтін түрлерін емдеуде қолданылады. Арнайы құрылғы кезбе жүйке арқылы электр импульстарын жіберіп, эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді.Бұған дейін мұндай операцияға мұқтаж науқастар республикалық медициналық орталықтарға жіберілетін. Енді бұл технология облыстық ауруханада енгізіліп, жоғары технологиялық медициналық көмекті Ақтөбеде көрсетуге жол ашты.Екі күндік шеберлік сабағы аясында жоспарланған тоғыз жоғары технологиялық операцияның барлығы аяқталды. Нейростимуляторды имплантациялаудан бөлек, мамандар ми қан тамырлары аневризмаларын селективті ангиография және эмболизациялау бойынша төрт операция, ми ішіндегі артериялардың тарылуы кезінде ангиография және стенттеу бойынша екі операция, сондай-ақ трансрадиалды жолмен ұйқы артерияларын стенттеу бойынша екі операция жасады.
https://sputnik.kz/20261113/munday-zhagday-algash-ret-kezdesti-zhuregi-on-zhaqta-ornalasqan-ayelge-ota-zhasaldy-68433264.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/15/68663938_0:13:1280:973_1920x0_80_0_0_44d637d101dc5a48bf63e35a88f9c252.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, операция
Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсияны емдеуге арналған нейростимулятор имплантацияланды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында алғаш рет эпилепсиямен ауыратын науқасқа кезбе жүйке нейростимуляторын (VNS) имплантациялау бойынша жоғары технологиялық операция жасалды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Операция облыстық көпбейінді ауруханада Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығы мамандарымен бірлесіп жүргізілді.
Операция заманауи нейрохирургиялық және эндоваскулярлық емдеу әдістерін енгізуге арналған екі күндік шеберлік сабағы аясында өтті. Іс-шараға Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургі Бауыржан Құнақбаев қатысты.
"Науқас – 50 жаста. Ол 2001 жылдан бері эпилепсиямен ауырады. Астана қаласында эпилептолог дәрігердің кеңесін алғаннан кейін оған хирургиялық емдеу әдісі ұсынылған. Атап айтқанда, сол жақ кезбе жүйкеге нейростимулятор мен электрод жүйесін орнату туралы шешім қабылданған", - деп жазылған хабарламада.
VNS технологиясы эпилепсияның, соның ішінде дәрі-дәрмекпен емдеуге көнбейтін түрлерін емдеуде қолданылады. Арнайы құрылғы кезбе жүйке арқылы электр импульстарын жіберіп, эпилепсиялық ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін мұндай операцияға мұқтаж науқастар республикалық медициналық орталықтарға жіберілетін. Енді бұл технология облыстық ауруханада енгізіліп, жоғары технологиялық медициналық көмекті Ақтөбеде көрсетуге жол ашты.
Екі күндік шеберлік сабағы аясында жоспарланған тоғыз жоғары технологиялық операцияның барлығы аяқталды. Нейростимуляторды имплантациялаудан бөлек, мамандар ми қан тамырлары аневризмаларын селективті ангиография және эмболизациялау бойынша төрт операция, ми ішіндегі артериялардың тарылуы кезінде ангиография және стенттеу бойынша екі операция, сондай-ақ трансрадиалды жолмен ұйқы артерияларын стенттеу бойынша екі операция жасады.