https://sputnik.kz/20261120/travmatologiya-salasynda-qoldanuga-arnalgan-otandyq-implanttar-azirlenip-zhatyr-68633748.html
Травматология саласында қолдануға арналған отандық импланттар әзірленіп жатыр
Травматология саласында қолдануға арналған отандық импланттар әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеуге арналған жаңа медициналық... 20.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-20T14:43+0500
2026-11-20T14:43+0500
2026-11-20T14:43+0500
қазақстан
тіс
тіс дәрігері
тіс емханасы
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/14/68632709_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_a13cc4698d83ebfec0f9b8b60b079fe4.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеуге арналған жаңа медициналық импланттарды әзірлеп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Жобаны академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандары бірлесіп жүзеге асырып жатыр.Жоба шеңберінде қазірдің өзінде бірнеше жаңа медициналық құрылғы жасалды. Олардың қатарында:Импланттардың сүйекке берік бекітілуіне және сүйек тінінің тез қалпына келуіне мүмкіндік беретін биомеханикалық қасиеттеріне ерекше назар аударылады.Отандық импланттарды әзірлеу елімізде жоғары технологиялық медициналық өндірісті дамытуға бағытталған.
https://sputnik.kz/20260929/ministr-auyr-zharaqattardy-emdeuge-arnalgan-buyymdar-ondirisin-keneytudi-tapsyrdy-67134517.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/14/68632709_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_876f79f39083267a685590c34b9006d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, тіс, тіс дәрігері, тіс емханасы
қазақстан, тіс, тіс дәрігері, тіс емханасы
Травматология саласында қолдануға арналған отандық импланттар әзірленіп жатыр
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеуге арналған жаңа медициналық импланттарды әзірлеп жатыр, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Бұл бастама дәрігерлердің тәжірибесін заманауи инженерлік шешімдермен, компьютерлік модельдеу, материалтану және 3D-басып шығару технологияларымен ұштастырады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандары бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Жоба шеңберінде қазірдің өзінде бірнеше жаңа медициналық құрылғы жасалды. Олардың қатарында:
омыртқа ауруларын емдеуге арналған трабекулярлы омыртқааралық кейдж,
жамбас сүйегінің күрделі сынықтары мен ауыр дисплазиялық коксартроз кезінде қолданылатын арнайы пластиналар,
бұғана сүйегінің сынуын емдеуге және тобық үсті остеотомиясын жасауға арналған бекіткіштер бар.
Импланттардың сүйекке берік бекітілуіне және сүйек тінінің тез қалпына келуіне мүмкіндік беретін биомеханикалық қасиеттеріне ерекше назар аударылады.
"Жоба зерттеудің барлық кезеңін қамтиды. Яғни құрылғыларды жобалау мен алғашқы үлгілерін жасаудан бастап, сынақтан өткізуге, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге дейінгі жұмыстар жүргізіледі. Орталықтың эксперименттік бөлімінде материалдардың қауіпсіздігі мен бактерияға қарсы қасиеттері де тексеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Отандық импланттарды әзірлеу елімізде жоғары технологиялық медициналық өндірісті дамытуға бағытталған.