Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіМинистр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды
Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Бүгінде Қазақстанда түрлі медициналық бұйымдар шығаратын 100-ден астам өндірістік алаң жұмыс істейді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми-өндірістік орталығына барып, онда сынықтар мен ауыр жарақаттарды емдеуге арналған отандық медициналық бұйымдардың сериялық өндірісімен танысты.
Кәсіпорында әмбебап ортопедиялық құрылғылар, сыртқы фиксация аппараттары, арнайы құралдар және травматология саласына арналған басқа да бұйымдар шығарылады. Өнімдер мемлекеттік тіркеуден өткен, ал кәсіпорынның әзірлемелері патенттермен қорғалған.
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіМинистр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды
Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды

"Ауыр жарақат туралы сөз болғанда, уақыттың әр минуты маңызды. Дәрігерде пациентке уақтылы көмек көрсету үшін қажетті барлық құрал болуы керек. Егер елімізде дәрігерлерімізге қажет, тіркелген, сапалы әрі қауіпсіз өнім шығарылса, біз мұндай өндірісті дамытуға жағдай жасауымыз қажет", – деді министр.

Бүгінде Қазақстанда түрлі медициналық бұйымдар шығаратын 100-ден астам өндірістік алаң жұмыс істейді. Травматологияға арналған медициналық бұйымдарға ерекше көңіл бөлінеді.
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі
Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды - Sputnik Қазақстан
1/3
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі
Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды - Sputnik Қазақстан
2/3
© Photo : Денсаулық сақтау министрлігі
Министр ауыр жарақаттарды емдеуге арналған медициналық бұйымдар өндірісін кеңейтуді тапсырды - Sputnik Қазақстан
3/3
1/3
2/3
3/3
Отандық өндірісті дамыту медициналық ұйымдарды қажетті өнімдермен тұрақты қамтамасыз етуге және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетуге де ықпал етеді, дейді министрлікте.
Сапардың қорытындысы бойынша министр медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін ескере отырып, травматологияға арналған отандық медициналық бұйымдар өндірісін кеңейту жөніндегі жеке жоспар әзірлеуді тапсырды.
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
"Онлайн және офлайн қолжетімді болсын": министр емханаларда дәрігерге жазылу жайында айтты
Жаңалықтар
0