Президент: Шаруаларға кредитті қолайлы шартпен ұзақ мерзімге беру қажет

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі
Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Қаржы көздеріне қолжетімділік туралы түсінікте де айырмашылық болмағаны жөн, деді президент
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев кредитті шаруаларға қолайлы шартпен ұзақ мерзімге беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында президент бұл жөнінде ұдайы айтып жүргенін де еске салды.

"Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға қолайлы шартпен ұзақ мерзімге беру қажет. Қарызды өтеу кестесінде нақты өндіріс циклі ескерілуге тиіс және инвестициялық кезеңде негізгі берешектің төлемін кейінге шегеру мүмкіндігі болғаны жөн. Фермерлер кредиттің алғашқы төлемін жабу үшін егінін жинап бола сала, өнімін арзан бағаға сатып жіберуге мәжбүр. Бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен министрлік осы мәселені шешуге кірісуі керек", - деді Тоқаев.

Осы орайда банктерге бұл сөзін тілек тілек қана емес, тапсырма деп түсінуге кеңес берді.
"Бәріміз бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз, бір жердің суын ішеміз. Сондықтан табыста аса үлкен алшақтық болмауы керек. Қаржы көздеріне қолжетімділік туралы түсінікте де айырмашылық болмағаны жөн. Шаруалар да мемлекетіміз көптеген, соның ішінде көрші елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласына орасан зор қаржы құйып жатқанын түсінуге тиіс. Мұнда масылдыққа орын жоқ", - деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Тоқаев жемқорлық туралы: Ешқандай награда, білім мен тәжірибе кешірім жасауға негіз емес
Жаңалықтар
0