Қызылорда облысында 9 жастағы бала әкесінің көлігін мініп кеткен – видео

© Public DomainАвтомобиль Toyota, иллюстративное фото
Автомобиль Toyota, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының Арал қаласында 9 жастағы баланың көлік жүргізгені анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Облыстық полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған баланың автокөлік жүргізгенін анықтады.
"Оқиға Арал ауданы көшелерінің бірінде күндізгі уақытта болған. Бейнежазбаны зерделеу барысында 9 жастағы баланың "Toyota Sienna" маркалы автокөлігін жүргізгені белгілі болды", - дейді полиция.
Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде автокөліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды.
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жезқазғанда тойдан шыққан адамдарды көлік басып кетті – рөлде 5 жасар бала болған
Жаңалықтар
0