Жезқазғанда тойдан шыққан адамдарды көлік басып кетті – рөлде 5 жасар бала болған

© Sputnik / Владислав ВодневМашина скорой помощи
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жазылу
Бірақ төрт адам ауруханаға жеткізілді. Тергеу басталды
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Жезқазған қаласында жеңіл көлік артқа қарай жүріп кетіп, тойдан шыққан бір топ адамды басып кетті. Рөлде бес жасар бала отырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Ол "Гранд Палас" мейрамханасының алдында түсірілген.
Пакет ұстаған бес адам жолға қарай шыққан. Сол кезде жеңіл көлік артқа қарай жүріп, оларды басып кетеді, сосын жолдың жиегінде тұрған көлікке соғылып тоқтаған.
Видеодан рөлде отырған бала атып шығып, қаша жөнелгені көрінеді. Ал бір минуттан кейін жолаушы отыратын жағынан әйел шықты. Мейрамхана жақтан көлік иесі де жетіп келді.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
"Тексеріске сәйкес, көлікте отырған бес жасар бала қол тежегішті түсірген. Соның салдарынан көлік артқа қарай жүріп, жолаушыларды басып кетті", - дейді тәртіп сақшылары.
Қайтыс болғандар жоқ. Бірақ төрт адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу басталды.
Жаңалықтар
0