https://sputnik.kz/20261120/ozbekstan-qazaqstan-shekarasynda-zhuk-kolikterinin-zhinaluyna-qatysty-pikir-bildirdi-68649541.html
Өзбекстан Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің жиналуына қатысты пікір білдірді
Өзбекстан Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің жиналуына қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта екі елдің шекарасындағы өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр 20.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-20T21:01+0500
2026-11-20T21:01+0500
2026-11-20T21:38+0500
қазақстан
өзбекстан
шекара
видео
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/14/68644077_6:0:379:210_1920x0_80_0_0_6470c8ca43900a67f0c7a8af06bb5fe2.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Өзбекстанның Кеден комитеті Қазақстанның Түркістан облысымен шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына қатысты ақпаратқа жауап берді.Бұл Б.Қонысбаев бақылау-өткізу бекеті – Өзбекстан жағында оған іргелес жатқан Яллама өткізу пунктіне қатысты болып отыр.Комитеттің баспасөз хатшысы Хусан Тангриевтің айтуынша, желіде жүк көліктерінің ұзын-сонар кезекте тұрған видеосы бірнеше күн бұрын түсірілген.Сондай-ақ ол күн сайын шекарадан 1,5 мыңнан астам жүк көлігі өтетінін айтты."Жалпы, биыл Өзбекстан-Қазақстан өткізу бекеттері арқылы өтетін жүк көліктерінің саны күткендегіден асып түсті. Егер 2021 жылы екі елдің шекаралық кеден бекеттері арқылы күніне 1165 жүк көлігі өткен болса, 2026 жылдың қарашасында бұл көрсеткіш 3130 көлікке жетті. Осылайша, ағын 2,7 есеге өсті", - деп жазды Тангриев.Жолдағы қозғалыстың артуы Қазақстанның Қытаймен шекарадағы "Қорғас" өткізу бекетін тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстыруымен байланысты, деп түсіндірді кеден комитетінің өкілі."Бұл Қытайдан тауар импортын айтарлықтай жеделдетті, атап айтқанда, Өзбекстан арқылы көршілес Түрікменстан, Тәжікстан және басқа елдерге транзитпен өтетін тауар көлемі артты", - деді Тангриев.Ал осыдан екі күн бұрын Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзбек кеденшілерімен кездесу өткізетінін хабарлады. Одан кейін шекарадағы жағдай талқыланды.
https://sputnik.kz/20260923/qazaqstanda-shekara-punktterinin-otkizu-qabileti-26-esege-ulgaydy-66944347.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/14/68644077_52:0:332:210_1920x0_80_0_0_67a689452539352bac80c524ed7b3335.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, шекара
қазақстан, өзбекстан, шекара
Өзбекстан Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің жиналуына қатысты пікір білдірді
21:01 20.11.2026 (жаңартылды: 21:38 20.11.2026) Қазіргі уақытта екі елдің шекарасындағы өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Өзбекстанның Кеден комитеті Қазақстанның Түркістан облысымен шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуына қатысты ақпаратқа жауап берді.
Бұл Б.Қонысбаев бақылау-өткізу бекеті – Өзбекстан жағында оған іргелес жатқан Яллама өткізу пунктіне қатысты болып отыр.
Комитеттің баспасөз хатшысы Хусан Тангриевтің айтуынша, желіде жүк көліктерінің ұзын-сонар кезекте тұрған видеосы бірнеше күн бұрын түсірілген.
"Негізі, бұл видео интернеттің қазақстандық сегментінде бірнеше күн бұрын тарай бастады, ал бүгін қазақстандық әріптестер мұны растады. Қазіргі уақытта екі елдің шекарасындағы өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - деді Тангриев.
Сондай-ақ ол күн сайын шекарадан 1,5 мыңнан астам жүк көлігі өтетінін айтты.
"Жалпы, биыл Өзбекстан-Қазақстан өткізу бекеттері арқылы өтетін жүк көліктерінің саны күткендегіден асып түсті. Егер 2021 жылы екі елдің шекаралық кеден бекеттері арқылы күніне 1165 жүк көлігі өткен болса, 2026 жылдың қарашасында бұл көрсеткіш 3130 көлікке жетті. Осылайша, ағын 2,7 есеге өсті", - деп жазды Тангриев.
Жолдағы қозғалыстың артуы Қазақстанның Қытаймен шекарадағы "Қорғас" өткізу бекетін тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстыруымен байланысты, деп түсіндірді кеден комитетінің өкілі.
"Бұл Қытайдан тауар импортын айтарлықтай жеделдетті, атап айтқанда, Өзбекстан арқылы көршілес Түрікменстан, Тәжікстан және басқа елдерге транзитпен өтетін тауар көлемі артты", - деді Тангриев.
Ал осыдан екі күн бұрын Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзбек кеденшілерімен кездесу өткізетінін хабарлады. Одан кейін шекарадағы жағдай талқыланды.