Абай облысында жеңіл көлік өртеніп кетті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуДөңгелек
Дөңгелек - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2026
Жазылу
Өрт сөндірушілер жеңіл автокөліктің мотор бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады
АСТАНА, 20 қараша - Sputnik. Абай облысында жеңіл автокөліктен өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
"112" пультіне Семей қаласы Би-Боранбай көшесінде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жеңіл автокөліктің мотор бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Осень в Красноярском крае - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Шымкентте жанармай таситын көліктің жүргізушісі өртеніп кетті
Жаңалықтар
0