Ұлытау облысында жедел жәрдем шақыруға арналған бот іске қосылды

© Sputnik / Абзал КалиевЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Сонымен қатар азаматтың жағдайы нашарлаған жағдайда боттағы "Жағдайым нашарлады" батырмасы арқылы диспетчерге қосымша хабарлама жіберуге болады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ұлытау облысында жедел жәрдем шақыруға арналған Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ұлытау облысында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға жедел медициналық жәрдем шақыруға мүмкіндік беретін арнайы Telegram-бот іске қосылды.
"Жаңа цифрлық қызмет арқылы азаматтар телефонмен сөйлеспей-ақ жедел жәрдем бригадасын шақырып, өтінімінің орындалу барысын бақылай алады", - деп жазылған хабарламада.
Жедел медициналық көмек шақыру үшін боттың төменгі бөлігіндегі "103" батырмасын басып, қажетті мәліметтерді, соның ішінде көмек қажет адамның аты-жөнін, мекенжайын және жағдайының сипаттамасын енгізу керек. Өтінімді толтырғаннан кейін "Жедел жәрдем шақыру" батырмасын басу қажет.
© Photo : Ұлытау облысының әкімдігіҰлытау облысында жедел жәрдем шақыруға арналған Telegram-бот іске қосылды
Ұлытау облысында жедел жәрдем шақыруға арналған Telegram-бот іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Ұлытау облысында жедел жәрдем шақыруға арналған Telegram-бот іске қосылды
"Бот арқылы шақыртудың мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Пайдаланушыға өтінімнің қаралуы, диспетчердің қабылдауы, бригаданың жолға шығуы және шақыртудың аяқталуы туралы ақпарат көрсетіледі. Егер шақыртуға бригада тағайындалса, картадан оның орналасқан жері мен болжалды келу уақытын көруге болады", - дейді әкімдікте.
Сонымен қатар азаматтың жағдайы нашарлаған жағдайда боттағы "Жағдайым нашарлады" батырмасы арқылы диспетчерге қосымша хабарлама жіберуге болады. Ал медициналық көмек қажет болмай қалған жағдайда шақыртудан бас тарту мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, Telegram-ботты тек шынайы қажеттілік туындаған жағдайда пайдалану қажет. Жалған шақырту жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Әскерге шақырылған сарбаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2025
Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды
Жаңалықтар
0