https://sputnik.kz/20250929/askeri-qyzmetshilerge-anonimdi-turde-komek-korsetetin-telegram-bot-iske-qosyldy-57459342.html
Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды
Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Бот әскерилердің отбасыларына да күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы көмек көрсетуге арналған 29.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-29T10:30+0500
2025-09-29T10:30+0500
2025-09-29T10:32+0500
әскери қызметкер
қорғаныс министрлігі
сарбаз
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0e/42294042_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4ff5e6d22df3f7b9dfba483d541dea01.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаевтың айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді.Цифрлық кеңесші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оның басты артықшылығы – анонимділік пен тәулік бойы қолжетімділік."AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады", – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин.Бұл тәжірибе әскери құраммен жұмыс істеуде өте пайдалы болатынын және әскери психология қызметі үшін жаңа әдістемелік материалдардың негізіне айналады деп күтіліп отыр.
https://sputnik.kz/20250818/qazaqstanda-askeriler-zhyl-sonyna-deyin-otandyq-aitu-messendzherine-koshedi-56422545.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0e/42294042_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_402d6a28b81cb4630a583801a9ca62b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, қорғаныс министрлігі, сарбаз
әскери қызметкер, қорғаныс министрлігі, сарбаз
Әскери қызметшілерге анонимді түрде көмек көрсететін Telegram-бот іске қосылды
10:30 29.09.2025 (жаңартылды: 10:32 29.09.2025) Бот әскерилердің отбасыларына да күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы көмек көрсетуге арналған
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды, деп хабарлады
қорғаныс министрлігі.
Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаевтың айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді.
"Психология – әскердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды элементі. Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен тиімді жұмыс істеу армияның моральдық күшінің негізі болып табылады", – деді Борамбаев.
Цифрлық кеңесші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оның басты артықшылығы – анонимділік пен тәулік бойы қолжетімділік.
"AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады", – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин.
Бұл тәжірибе әскери құраммен жұмыс істеуде өте пайдалы болатынын және әскери психология қызметі үшін жаңа әдістемелік материалдардың негізіне айналады деп күтіліп отыр.