Қазақстанда әскерилер жыл соңына дейін отандық Aitu мессенджеріне көшеді

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаҚазақстанда Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайды
Қазақстанда Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Бұл ақпарат ағынын толық бақылауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Бұл шешім шетелдік платформаларды пайдаланған кездегі қауіпті азайтуға бағытталған.
"Отандық мессенджерге көшу – мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде қорғаныс саласында да қызметтік ақпаратты қорғау деңгейін арттыру бойынша негізгі қадамдардың бірі. Бұған дейін деректерді жіберу үшін көбінесе шетелдік мессенджерлер қолданылып келген", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаҚазақстанда Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайды
Национальный мессенджер Aitu в Вооруженных силах Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Қазақстанда Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жіберу үшін отандық Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшуді бастайды
Министрлік мәліметінше, бұл өз кезегінде қауіпсіздікке белгілі бір қатер төндіруі мүмкін. Ал Aitu мессенджері Қазақстан құзыретінде және деректерді сақтау мен өңдеу талаптарына толық сай келеді. Бұл ақпарат ағынын толық бақылауға мүмкіндік береді.
Aitu мессенджеріне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және процесс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.
Жаңа мессенджер кең ауқымды міндеттерді шешу үшін қолданылатын болады. Оның ішінде жедел ақпарат алмасудан бастап, жиналыстар өткізу мен іс-қимылдарды үйлестіру шаралары да бар. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, ішкі коммуникацияны да оңтайландыруға мүмкіндік береді, деп сендірді ведомстводағылар.
ЖИ мемлекеттік аппараттың жұмысын жеңілдетуі тиіс - Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Қазақстандықтардың жеке деректері қолды болды: Тоқаев ұлттық мессенджерге көшуді тапсырды
Жаңалықтар
0