Қазақстанда тағы бір ұлттық университет болады

© Sputnik / Абзал КалиевДиплом
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы III Стратегиялық серіктестер форумында Астана мен Алматыдан кейін Шымкент қаласын оңтүстік аймақтағы ірі ғылым және білім орталығы ретінде дамыту жоспары жайында айтты.
"Қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалды. Шаһарда Аризона штаты университетінің білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Түркияның Гази университетінің филиалы ашылды. Бұл жұмысты одан әрі жандандырып, Шымкенттің ғылым және білім саласындағы әлеуетін күшейте түсуіміз қажет. Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым", - деді Тоқаев.
Президент бұл университеттің аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны екенін ерекше айтты. Шаһардағы әрбір бесінші студент сонда оқиды.
"Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс", - деді мемлекет басшысы.
Касым-Жомарт Токаев выступил на III Форуме стратегических партнеров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Экономика
Тоқаев Қазақстан экономикасына 155 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын айтты
Жаңалықтар
0