https://sputnik.kz/20261119/toqaev-qazaqstan-ekonomikasyna-155-mlrd-dollar-shetel-investitsiyasy-tartylganyn-aytty-68587794.html
Тоқаев Қазақстан экономикасына 155 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын айтты
Тоқаев Қазақстан экономикасына 155 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 150 миллиард долларға жуықтады 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T13:16+0500
2026-11-19T13:16+0500
2026-11-19T13:16+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68587129_0:42:1280:762_1920x0_80_0_0_c287602b65638c5f6667a91b2955f9da.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында Қазақстанның соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша, алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 44 пайызға ұлғайып, 129 миллиард доллардан асты. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 7 миллионнан астам баланың жеке есепшотына 2,5 миллиард доллар аударылды.Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жеті жылда 625 орта және ірі өндіріс орны ашылып, 3,6 миллион адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті."118 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. 36 мың шақырым автокөлік жолы және 5 мың шақырым теміржол салынып, жөнделді", - деп түйіндеді ол.
https://sputnik.kz/20261103/alatau-city-ge-13-mlrd-dollar-investitsiya-tartylady-68181997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68587129_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_2aa46110228abed609252ff58658a8d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Қазақстан экономикасына 155 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын айтты
Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 150 миллиард долларға жуықтады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында Қазақстанның соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
"Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 398 миллиард доллар болады. Ал осыдан жеті жыл бұрын бұл көрсеткіш 181 миллиард доллардың шамасында болды. 2019 жылдан бері экономикамызға 155 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Еліміздің сыртқы сауда көлемі 150 миллиард долларға жуықтады", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 44 пайызға ұлғайып, 129 миллиард доллардан асты. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 7 миллионнан астам баланың жеке есепшотына 2,5 миллиард доллар аударылды.
"Қазақстанда ақысыз медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі нақты бекітілген. Соған сәйкес азаматтарымызға 1 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетіледі. Елімізде әлеуметтік жағынан осал топтағы адамдарға берілетін жәрдемақының 39 түрі бар", - деп толықтырды президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жеті жылда 625 орта және ірі өндіріс орны ашылып, 3,6 миллион адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
"118 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. 36 мың шақырым автокөлік жолы және 5 мың шақырым теміржол салынып, жөнделді", - деп түйіндеді ол.