Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин, Трамп пен Си Цзиньпин әлемдегі тұрақтылықты нығайтуға шақырды

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуТрехсторонняя встреча Владимира Путина, Си Цзиньпина и Дональда Трампа
Трехсторонняя встреча Владимира Путина, Си Цзиньпина и Дональда Трампа - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және АҚШ президенті Дональд Трамп Шэньчжэньде өтіп жатқан АТЭЫ саммиті аясында үшжақты кездесу өткізіп жатыр
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Шэньчжэньде Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің үшжақты кездесуі басталды.
Ресей, Қытай және АҚШ сындарлы ынтымақтастық орнатса, әлемдегі тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қоса алады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.
"Ресей, Қытай және АҚШ халықтары өзара құрмет, теңдік және мүдделер теңгерімін сақтау негізінде сындарлы әрі серіктестік бағытта ынтымақтасса, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қоса алады", – деді ол Қытай және АҚШ басшыларымен кездесуде.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен және АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу барысында тарихты есте сақтап, одан сабақ алуға шақырды.
"Біз тарихты есте сақтап, одан сабақ алып, болашақты қалыптастыруымыз керек", – деді Си Цзиньпин.
Оның айтуынша, тарих – ең жақсы оқулық.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Шэньчжэньде өткен екіжақты кездесуде Украинадағы қақтығысты ұзақ талқылағанын айтты.
"Президент Путин екеуміз бүгін бұл қақтығысты біраз уақыт талқыладық", – деді ол.
Путин Украина дағдарысын қоса алғанда, өңірлік қақтығыстарды реттеу мәселесінде Ресей, Қытай және АҚШ мүдделері сәйкес келетінін атап өтті.
"Үш мемлекет те БҰҰ-ны құрудың бастауында тұрды және әлемдегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ете алады", - деді ол.
Ол Трамп пен Си Цзиньпинге жаһандық және өңірлік байланыстарды, энергетика саласын, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылауды ұсынды.
Си Цзиньпин Мәскеу, Бейжің және Вашингтон әлемдегі бейбітшілікті сақтау үшін бірлесіп күш салуы керек екенін атап өтті.
"Ірі державалар келісімге келгенде, әлемде бейбітшілік орнайды, ал олар қақтығысқа түскенде, әлемде хаос болады. Үш ел арасындағы оң қарым-қатынас – таңдау емес, қажеттілік", - деді Қытай төрағасы
Трамптың пікірінше, Ресей, Қытай және АҚШ ядролық қаруды таратпау үшін күш біріктіруі керек. Үш мемлекет те әлемде болып жатқан оқиғалар үшін ерекше жауапкершілік арқалайды.
"АҚШ жақсы болашақ үшін диалог жүргізуге дайын. Украинадағы жағдайды реттеу үдерісі дұрыс бағытта дамып келеді", - деп түйіндеді ол.
Президент Владимир Путин принимает участие в саммите АТЭС в Китае - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Путин мен Трамп АТЭЫ саммиті аясында екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
0