https://sputnik.kz/20261119/putin-si-tszinpin-zhane-tramp-beybitshilik-turaly-birlesken-deklaratsiya-qabyldady-68603153.html
Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы бірлескен декларация қабылдады
Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы бірлескен декларация қабылдады
Sputnik Қазақстан
Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшылары АТЭЫ аясында кездесті 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T17:12+0500
2026-11-19T17:12+0500
2026-11-19T17:16+0500
қытай
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68595407_22:157:2896:1773_1920x0_80_0_0_27b9b15b9004f4c3ed1be557f9a5dea8.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Кремль Ресей, Қытай және АҚШ мемлекет басшыларының бейбітшілік туралы декларациясын жариялады.Ол Владимир Путин, Си Цзиньпин және Дональд Трамптың Шэньчжэндегі үшжақты кездесуінен кейін қабылданды.Құжатта барлық елдің игілігі үшін өңделген мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізуді арттыру жоспарлары көрсетілген. Тараптар энергетикамен жабдықтаудың тұрақтылығы маңызды екенін тағы да растады.Декларацияның толық мәтіні:Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин және Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 19 қарашасында Шэньчжэньде кездесті. Ресей мен АҚШ президенттері осы тарихи үшжақты саммитті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Қытайға алғыс білдірді. Үш мемлекет басшысы қазіргі халықаралық жағдай бойынша пікір алмасып, стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға деген міндеттемелерін білдірді.1. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде Ресей, Қытай және АҚШ жаһандық қиындықтарға тиімдірек жауап беру және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізгі миссиясына сәйкестігі үшін БҰҰ-ны реформалауды құптады.2. Үш ел барлық елдің игілігі үшін өңделген мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізуді арттыруды жоспарлап отыр. Олар тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңыздылығын қайта растады.3. Үш мемлекет басшысы мемлекеттердің келісімі қағидатының және мемлекеттік лауазымды тұлғалардың иммунитетін құрметтеудің маңыздылығын айтты және Халықаралық қылмыстық сот пен басқа да осыған ұқсас органдар өз өкілеттіктерін теріс пайдаланбауы керек деген пікірге келді.4. Үш мемлекет басшысы ядролық соғыста жеңіске жету мүмкін емес екенін және оны ешқашан бастамау керектігін қайта растады. Үш ел ядролық тәуекелдерді азайту және ядролық қарудың таралуына жол бермеу бойынша диалог жүргізеді.
https://sputnik.kz/20261119/putin-tramp-pen-si-tszinpin-alemdegi-turaqtylyqty-nygaytuga-shaqyrdy-68589603.html
қытай
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68595407_142:76:2699:1994_1920x0_80_0_0_ac946b0e6af38800c7b1dc7d932809fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, ресей, ақш
Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы бірлескен декларация қабылдады
17:12 19.11.2026 (жаңартылды: 17:16 19.11.2026) Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшылары АТЭЫ аясында кездесті
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Кремль Ресей, Қытай және АҚШ мемлекет басшыларының бейбітшілік туралы декларациясын жариялады.
Ол Владимир Путин, Си Цзиньпин және Дональд Трамптың Шэньчжэндегі үшжақты кездесуінен кейін қабылданды.
Құжатта барлық елдің игілігі үшін өңделген мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізуді арттыру жоспарлары көрсетілген. Тараптар энергетикамен жабдықтаудың тұрақтылығы маңызды екенін тағы да растады.
Декларацияның толық мәтіні:
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин және Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 19 қарашасында Шэньчжэньде кездесті. Ресей мен АҚШ президенттері осы тарихи үшжақты саммитті ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Қытайға алғыс білдірді. Үш мемлекет басшысы қазіргі халықаралық жағдай бойынша пікір алмасып, стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға деген міндеттемелерін білдірді.
1. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде Ресей, Қытай және АҚШ жаһандық қиындықтарға тиімдірек жауап беру және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізгі миссиясына сәйкестігі үшін БҰҰ-ны реформалауды құптады.
2. Үш ел барлық елдің игілігі үшін өңделген мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізуді арттыруды жоспарлап отыр. Олар тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңыздылығын қайта растады.
3. Үш мемлекет басшысы мемлекеттердің келісімі қағидатының және мемлекеттік лауазымды тұлғалардың иммунитетін құрметтеудің маңыздылығын айтты және Халықаралық қылмыстық сот пен басқа да осыған ұқсас органдар өз өкілеттіктерін теріс пайдаланбауы керек деген пікірге келді.
4. Үш мемлекет басшысы ядролық соғыста жеңіске жету мүмкін емес екенін және оны ешқашан бастамау керектігін қайта растады. Үш ел ядролық тәуекелдерді азайту және ядролық қарудың таралуына жол бермеу бойынша диалог жүргізеді.