Алматыда тас құлау қаупіне байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАлматы таулары
Алматы таулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Тау жыныстарының опырылуы және диаметрі 2,5 метрге дейін жететін ірі тастардың құлауы тіркелген
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Алматыда тас құлау қаупіне байланысты 23 қарашадан бастап жолдың бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігі.
"2026 жылы 23 қарашадан бастап Алма-Арасан көшесінің экологиялық бекеттен "Нұрбота" дүкеніне дейінгі бөлігі бір айға уақытша жабылады. Шектеу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тас құлау қаупінің алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарға байланысты енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Аталған учаскеде тау жыныстарының опырылуы және диаметрі 2,5 метрге дейін жететін ірі тастардың құлауы тіркелген. Бұл көлік жүргізушілері мен тұрғындарға, сондай-ақ жақын маңдағы инженерлік желілерге қауіп төндіреді.
Төтенше жағдайдың алдын алу үшін мамандар қауіпті тастарды бақыланатын тәсілмен төмен түсіріп, аумақтан шығарады. Сонымен қатар тау беткейін нығайту жұмыстары жүргізіледі.
"Жұмыс кезінде тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне келетін қолайсыздықты барынша азайтуға баса назар аударылады. Мүмкіндігінше, демалыс күндері жол қозғалысына қосымша салмақ түсірмейтіндей етіп жұмыс кестесі жоспарланады", - дейді әкімдікте.
Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін жол уақытша жабылады.
Архивтені фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Алматы облысында тауда тұрған микроавтобус өздігінен жүріп кетті (ВИДЕО)
Жаңалықтар
0