Алматы облысында тауда тұрған микроавтобус өздігінен жүріп кетті (ВИДЕО)

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтені фото
Архивтені фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Жазылу
"Қазселденқорғау" қызметкерлері микроавтобусты жедел түрде шығарып алды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы облысында тауда тұрған микроавтобус өздігінен жүріп кетіп, төмен қарай құлдилады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлдилады", - деп жазылған хабарламада.
Жақын маңда гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Олар Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралын шығарып алған.Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.
Жаңалықтар
0