Алматыда көліктердің шығарындылары қозғалыс кезінде өлшенеді

© Sputnik / СтрингерМашина скорой помощи едет по улице
Машина скорой помощи едет по улице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Алматыда автокөліктердің зиянды шығарындыларын тоқтатпай-ақ өлшейтін жүйе сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.
OPUS RSE жүйесі көліктер қозғалысын жалғастырған күйде пайдаланылған газ құрамындағы зиянды заттардың нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл – Испанияда әзірленген технология.
Бұған дейін "Eco Almaty" ЖШС мамандары испаниялық OPUS компаниясымен автокөліктерге қашықтан экологиялық мониторинг жүргізу технологиясын енгізу мәселесін талқылаған болатын.
Сынақ аясында компания қаланың әртүрлі аудандарындағы жолдарға орнатуға арналған RSD6000 жылжымалы жабдығын ұсынды.
"Өлшеу жұмыстары екі апта ішінде 12 күн бойы жүргізіледі. Жүйенің көлік қозғалысы әртүрлі қарқынмен жүретін жағдайларда қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін жабдықтың орналасқан жері күн сайын өзгертіледі. OPUS компаниясының өкілі техникалық қолдау көрсетіп, жабдықты калибрлеуді және алынған деректердің дұрыстығын тексеруді қамтамасыз етеді", – деп хабарлады әкімдік.
Сынақ қорытындысы бойынша мамандар автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың деңгейін талдап, алынған көрсеткіштерді халықаралық деректермен салыстырады. Сондай-ақ қоршаған ортаны шамадан тыс ластайтын көліктерді анықтау критерийлерін әзірлеу ұсынылады.
Виды Астаны с высоты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Экологиясы нашар елдердің тізімі жарияланды: Қазақстан нешінші орында
Жаңалықтар
0