Алматыда БҰҰ университетінің өкілдігі ашылады

© Photo : МИД РКБҰҰ эмблемасы
БҰҰ эмблемасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Бұл Қазақстанның ғылыми мүмкіндігі әлемдік дәрежеде мойындалғанына дәлел болады
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілділігі ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін III Стратегиялық серіктестер форумында ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ университеті арасында өңірлік зерттеу хабын ашу туралы қол қойылды. Салтанатты шараға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Оның айтуынша, Қазақстан үшін бұл айтулы жетістік.
"БҰҰ университетінің өкілдігін Алматыда орналастыру Қазақстанның ғылыми мүмкіндігі әлемдік дәрежеде мойындалғанына дәлел болады, сондай-ақ басқа да білім беру мекемелерімен және ғылыми ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жол ашады. Осылайша, біз университеттеріміздің әлеуетін нығайтып, қуатты академиялық ортаның қалыптасуына тың серпін береміз", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент жастардың сапалы білім алып, ғылыми зерттеулермен алаңсыз айналысуына және өз идеяларын жүзеге асыруына барынша жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті. Бұның барлығы ұлттың зияткерлік қарымы мен қабілетін ашу тұрғысынан аса маңызды.

Министрге алғыс айтылды

Тоқаев ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке де алғысын жектізді.
"Қазір ауқымды ұйымдастыру жұмыстарының бірінші кезеңінен өттік деп айтуға болады. Осыған байланысты министр Саясат Нұрбекке ризашылығымды білдіремін. Әлемнің жетекші оқу орындарымен жемісті серіктестік орнатып, көптеген шетелдік университеттің филиалдарын аштық. Білім беру мен ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жаңғырту басталды", - деді Тоқаев.
Президент ерекше атап өткен шаралар:
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы жаңа оқу корпусына кірді;
Астанада ашылған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы үшін жаңа ғимарат салынып жатыр;
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің серіктестігі аясында заманауи оқу-зертхана корпусы мен жатақхана бой көтерді;
Қазақстанда Кардифф университетінің филиалы қызметін бастады;
Ковентри университеті, Мәскеу инженерлік физика институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті сияқты оқу ордаларына арналған кампустар салынып, кеңейтіліп жатыр;
Ірі қалаларымызда атом саласына, жасанды интеллект пен креативті индустрия бағыттарына келешек мамандар даярлау жолға қойылуда.
"Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі сапалы білім басқа өңірлерге де қолжетімді болуы керек деп санаймыз. Сондықтан шетелдік филиалдарды орналастыратын жерді таңдаған кезде облыстардың салалық мамандануы мен кадрлық қажеттілігі ескеріледі", - деді мемлекет басшысы.
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Қазақстанда тағы бір ұлттық университет болады
Жаңалықтар
0